16.3 C
Shymkent
10 октября, 2026
aspan

ЕСІРТКІ ТАРАТУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Павлодар қаласында полицейлер Жетісу облысының 24 және 25 жастағы екі тұрғынын қолға түсірді. Олардан аса ірі көлемде синтетикалық есірткі табылды.

Облыстық ПД хабарлауынша, жедел уәкілдер жүргізген тінту кезінде жасырып таратпақ болған дайын орамдар тәркіленген. Сараптама нәтижесі олардың синтетикалық есірткі екенін растады. Күдіктілер өз кінәсін мойындап, есірткіні алдын ала сатып алғандарын және Павлодар қаласында жасыруға арналған орындарды белгілеп, координаттарын кураторға жіберіп отырғанын айтқан. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталғандар қамауға алынды. Істің мән-жайы анықталуда.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЕРУ КЕЗІНДЕ 150-ДЕЙ АДАМ ҰСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ӨНДІРІЛГЕН МАҚТА ТАЛШЫҒЫ БАЛТЫҚ ЖАҒАЛАУЫ ЕЛДЕРІ МЕН РЕСЕЙ ЖӘНЕ БЕЛАРУСЬ МЕМЛЕКЕТТЕРІНЕ ЭКСПОРТТАЛУДА

Телеарна ХанТВ

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ЖЫЛЫЖАЙДА КӨКӨНІС ЕГІП,  АЛҚАПТАРДА ТҰТ ӨСІРУДІ МЕҢГЕРУДЕ

Телеарна ХанТВ