aspan

ҚАУІПТІ САМОКАТТАР

Қала көшелерінде еш алаңсыз  жаяу жүру қиындап барады. Байқамасаң, қасыңнан зуытқыған самокат жанап өтіп, құлатып кетуі мүмкін. Өкінішке орай мұндай оқиғалар жиі орын алып отыр. Жаяу жүргіншілерден элекросамокатты тізгіндегендерге қатысты  шағым көп. Самокаттар жүретін арнайы жол қарастырылуы керек. Жол қауіпсіздігіне қатысты өткен үкіметтің отырысында электросамокаттар мәселесі де сөз болды.

Соңғы жылдары қалаларда электросамокат мінушілердің қатары артып келеді. Бұл-қолайлы және  арзан көлік. Дегенмен, қауіпсіздік мәселесіне қатысты сұрақ бар. Өкінішке орай электросамокаттармен байланысты жол-көлік оқиғалары көбейген. Әсіресе жаяу жүргіншілер жолында және тротуарда көп жүреді.Бұл  тұрғындардың наразылығын тудыруда. Көлік жүргізушілері де самокат тебушілердің жол ережесін сақтамайтынын айтады.  Жалпы электросамокаттардың қозғалысын  реттейтін заңнама бар. 2022 жылы техникалық талаптар бекітіліп, 2023–2024 жылдары жол қозғалысы ережелеріне өзгерістер енгізілді. Тротуарда самокатпен сағатына 6 шақырымнан асырмай жүру керек. Ал жолдың жүріс бөлігінде 18 жасқа толмағандарға самокат тебуге тыйым салынған. Кей жағдайда жүргізуші куәлігі де қажет. Бірақ самокат тебушілердің бәрі бірдей бұл нормаларды  сақтап отырған жоқ. Мәселен жаяу жүргіншілер тротуарында самокаттармен жүру жиі кездеседі. Ал арнайы тұрақтардың жоқтығы – ретсіз тасталған самокаттардың көбеюіне себеп. Полиция ай сайын мыңдаған құқықбұзушылықты тіркеп отыр. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, жыл басынан бері электросамокаттың қатысы бар 361 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 365 адам жарақат алған, бір адам қаза тапқан.Самокаттарды жалға беріп отырған кикшернг компаниялардың жауапкершілігін күшейту көзделіп отыр.

(– Бұл да тиімді шара болар еді.Әкім қай көшеде, қандай уақытта жүруге рұқсат беріп, қайсысында тыйым салу керектігін өзі анықтай алады. Осылайша аумақтарды белгілеуге мүмкіндік туады. Бірақ ол кезде депутаттар бізді қолдамады, сондықтан осы мәселеге қайта туындап отыр.Бәріміз жаяу жүреміз, жаяу жүргіншілердіңжолы толық жабылып қалады. Амалсыздан адамдар айналып өтуге мәжбүр. Бұл кикшернг компаниялардың жауапкершілігі.Кезінде норманы енгізгенде копаниялар депутаттардың алдында барлық техникалық жағдайды жасаймыз деп сендіргенді.Көріп отырғандай олай болмай шықты.)

Премьер-министрдің айтуынша,  бірінеше елде электросамокаттарды қолдануға шектеулер енгізілген. Ішкі істер министрлігіне қолданыстағы заңнамағатиісті түзетулер енгізуді  жылдамдатуды тапсырды.

Өкінішке орай жолдағы қауіпсіздік мәселесі алаңдатарлық. Вице-министр биылғы жол апаттарының негізгі себебі – жолдағы тәртіптің төмендігінен деп отыр. Оқиғалардың 90 пайызы жүргізушілердің кінәсінен болады. Жыл сайын полиция 13 миллионға жуық ереже бұзу фактісін анықтайды. Соңғы күндері елде үш жол апатынан 25 адам қаза тапты.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ДҮЛЕЙ ДАУЫЛ ТҰРЫП, БОРАН СОҚТЫ

Телеарна ХанТВ

ЖАС САРБАЗДАР АЛҒАШҚЫ АТЫС ЖАТТЫҒУЛАРЫН ОРЫНДАДЫ

Телеарна ХанТВ

ФЕРМЕРЛЕР ЕУРОПАРЛАМЕНТ ҒИМАРАТЫ ҚАСЫНДА ШЕРУЛЕТТІ

Телеарна ХанТВ