28.3 C
Shymkent
10 сентября, 2025
aspan

АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ: ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТҚАН ЖОБАЛАР

Түркістан облысында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту мәселесі – өңір басшылығының басты басымдықтарының бірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылдың соңына дейін ел халқын толықтай таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында өңірде жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр.

Республика көлемінде елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі қалалар мен ауылдардың үлесі арқылы бағаланады. Түркістан облысында бұл көрсеткіш жоғары. Облыс қалаларындағы 542 мыңға жуық тұрғын толықтай орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған.

Мәселен, Шардарадағы ескі су тазарту жүйесінің тозуы жазда халыққа тұрақты су беруге кедергі келтіріп отыр. Бұл мәселені шешу үшін құны 16,9 миллиард теңгені құрайтын «Шардара топтық су құбыры» жобасы жүзеге асырылуда. Ал Сарыағашта халық санының өсуіне және жаз мезгіліндегі шамадан тыс тұтынуға байланысты «Қапланбек» су тазарту станциясының қуаттылығы жеткіліксіз. Осыған орай, Р-1 каналынан магистралды су құбыры тартылып, жаңа су тазарту нысанының жобасы қолға алынды.

 Биыл облыста жалпы 66 су нысанының құрылысы жүріп жатыр. Оған бюджеттен 45,8 миллиард теңге бөлінген. Негізгі мақсат – 30 елді мекенді толыққанды ауыз сумен қамтып, жүйеге қосу. Қазіргі таңда 192 ауылға су кестемен берілуде. Оның себептері – инфрақұрылымның тозуы, жер асты суларының азаюы және судың тиімді пайдаланылмауы. Мәселен, Сауран ауданының Оранғай ауылында тартылған су жүйелері қараусыз қалып, жабдықтар ұрланған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПРЕЗИДЕНТ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ КҮШ КӨРСЕТКЕНІ ҮШІН ЖАЗАНЫ КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ  

ҮШ АЙДА РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША 69 ЕСІРТКІ ЗЕРТХАНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтан материалдық шығын мен моральдық зиянды өтеу туралы шағымын апелляциялық сот өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап hantv.kz сайты хабарлайды.

Телеарна ХанТВ