28.3 C
Shymkent
10 сентября, 2025
aspan

ҰЛТТЫҚ ОЙЫН – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ДІҢГЕГІ!

Елімізде ұлттық мәдениеттің құнды қазынасы саналатын «Тоғызқұмалақ күні» аталып өтті. Осыған орай Шымкент қаласындағы мектептерде арнайы флешмоб ұйымдастырылып, екі мыңға жуық оқушы ұлттық ойынды ойнауға қатысты. Шараның басты мақсаты – жас ұрпақ арасында тоғызқұмалақты кеңінен насихаттап, оны әлемдік деңгейде дамытып келе жатқан мұрамыздың дәрежесін арттыру.

2020 жылы ЮНЕСКО тоғызқұмалақты әлемдік мәдени мұра тізіміне енгізді. Бүгінде ол елімізде де, әлемде де қарқынды дамып келеді.2022 жылғы 8 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спорт түрлерінің ішінде тоғызқұмалақты да дамыту қажеттігін атап өтіп, ұлттық ойынның дамуына жаңа серпін берді. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 200 мыңнан астам адам дәл осы ойын түрімен тұрақты түрде айналысады.

Шараның басты мақсаты қаламызда аталмыш ойынының дамуына үлес қосу. Жиында  басқарма басшылары мен мектеп директорлары да  спорт түрімен кеңінен танысты.

Тоғызқұмалақ – ұлттық мұрамыз, ұрпақтың ой-санасын дамытатын асыл қазына. 5 жылға жуық уақыттан бері тұрақты түрде  өткізіліп келе жатқан атаулы жиын алғаш рет Шым шаһарда жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастырушылардың аитуынша мұндай шаралар алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН КҮШЕЙТУ КЕРЕК

Телеарна ХанТВ

ҮЙІНДЕ АСА ІРІ КӨЛЕМДЕ ЕСІРТКІ САҚТАҒАН ШУ ТҰРҒЫНЫ ҰСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ ҮШІН — ШЫМКЕНТКЕ!

Телеарна ХанТВ