Шымкент қаласының Абай ауданына қарасты Қатын Көпір,Сатпаев көшесінің жеті үй тұрғындары жол мен жарық мәселесін көтеріп отыр. Айтуларынша,бұл көшеде 25 жылдан бері асфальт төселмеген, көше шамдары да орнатылмаған. Тұрғындар бірнеше рет жауапты мекемелерге арызданғанымен, мәселе әлі күнге дейін шешілмеген.
Өздеріңіз көріп тұрған дәл бұл көше Шымкент қаласы Абай ауданының Сәтбаев көшесі. 25 жылдан аса көше мәселесін көтерген тұрғындардың бүгінде барар жері басар тауы қалмаған. Бүгінде жол мәселесіне қоса жарықтың жиі сөніп қала беретінінде тұрғындардың ашуын тудырып отыр. Бірі қараңғы түссе балаларына уайымдамаса, енді бірі жаздың шілінгір ыстығында түнгі серуенді мүлде ұмытқанын айтады.
Ол олма өз жағдайларына алаңдаған тұрғындар өз қалталарынан қаражат шығарып мәселені өздері шешуге тырысқан. Арнайы аяқ жолдарға жарықшамдар орнатып күн көруге тура келген. Бірақ мәселенің толық шешілуін талап еткен халық жауапты сала мамандарына бірнеше рет шағымданып талап тілектерін жеткізген. Алайда тұрғындардың өтініші жауапсыз қалған.
Абай ауданының инфрақұрылым және абаттандыру бөлімінің бас маманы Нұржан Тілеубердінің айтуынша, абай ауданына қарасты 113 көшенің 90-ы асфальтталған. Жарықтандыру жұмыстары да кезең-кезеңімен жүріп жатыр, қазіргі таңда 400 көше жарықтандырылған. Жыл соңына дейін барлық көшелердің шамдары жанып, тұрғындардың көптен күткен мәселесі шешімін табуы жоспарланып отыр дейді.
Жауапты мамандардың уәдесіне сенсек, Абай ауданына карасты елды мекендер жол мен жарық мәселесі ағымдағы жылдың соңына дейін түбегейлі шешілмек. Бұл уәдеге сенген тұрғындар мәселеміз тағыда жауапсыз қалмаса екен дейді.