16.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТҚАН МЕКТЕПТЕР БАҚЫЛАУДА

Келес ауданында реновация жобасы бойынша жөндеуден өтіп жатқан бірқатар білім беру мекемелерін араладым. Абай ауылындағы №4 Ж.Баласағұн атындағы жалпы білім беретін мектепте болып, жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын қарап шықтым.
Бүгінде Келес ауданы Абай ауылында екі білім ошағы – №1 О.Есімов атындағы және №4 Ж.Баласағұн атындағы мектептер реновация жобасы аясында кешенді жөндеуден өтуде.
Жөндеу жұмыстары аясында мектептердің ішкі және сыртқы инженерлік желілері толықтай жаңартылуда және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Нысандарды аралау барысында құрылыс жұмыстарының сапасына, қолданылып жатқан құрылыс материалдарының стандарттарға сәйкестігіне, тапсырысшы тарапынан қадағалаудың дұрыс жүргізілуіне және белгіленген мерзімдерге сай аяқталуына ерекше назар аударуды тапсырдым.
Жоспар бойынша, барлық жөндеу жұмыстары 2025 жылдың жаңа оқу жылы басталғанға дейін толық аяқталып, мектептер оқушылар мен мұғалімдердің игілігіне пайдалануға берілмек. #сырлыкелес

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МИЛЛИОННАН АСТАМ АДАМ ДАУЫС БЕРЕ АЛАДЫ

Телеарна ХанТВ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ Түркістан облысында жұмыс орындарын ашуға басымдық берілген. Бұл ретте Сарыағаш ауданында да жүйелі жұмыстар жүруде. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Сарыағаш құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Аудан басшысы кәсіпорынның даму бағытымен танысып, өндірісті кеңейтуге және ауыл шаруашылығы саласында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастамаларды жоғары бағалады. Кәсіпорын басшысы Мұрат Талманның айтуынша, бүгінде серіктестікте жұмыртқа өндіруге бағытталған 96 мың бас құс өсірілуде. Өндірілген өнімдер аудан мен облыс көлеміндегі сауда нүктелеріне жеткізіліп, жергілікті нарықты сапалы жұмыртқамен қамтамасыз етуде. 2025 жылы «Сарыағаш құс» ЖШС өндіріс аясын кеңейтіп, қосымша 50 мың басқа арналған құс фабрикасының құрылысын жүргізді. Құс өсіруге арналған заманауи жабдықтар Германия мемлекетінен әкелінген. Бұл – өнім сапасын арттыруға және өндіріс тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Сонымен қатар, серіктестік биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, құрама жем цехының құрылысын жүргізіп, пайдалануға енгізді. Жаңа цехтың іске қосылуы құс шаруашылығының өзіндік құнын төмендетіп, өнім көлемін арттыруға жол ашты. Сондай-ақ, аудан әкімі және аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы ауылдық округ аумағында орналасқан индустриалды аймақта салынып жатқан «Альбарака 077» ЖШС-ның өсімдік майын өндіру цехының құрылыс барысын бақылады. Аудан басшысы аталған жобаның уақытылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз ету мақсатында ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алайдар Әмірхановқа тиісті тапсырмалар жүктеді. Жобаның жалпы құны 800,0 млн теңгені құрайды. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін 20 адамға тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Кәсіпорынға индустриялық аймақтан 3,0 гектар жер телімі бөлінген. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Цех ғимаратының қабырғалары көтеріліп, шатыр жабу жұмыстары атқарылуда. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Телеарна ХанТВ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МИХАИЛ ШАЙДОРОВТЫ МАРАПАТТАДЫ

Han TV