aspan

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘЛЕМДІК НЕЙРОХИРУРГИЯ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Мемлекет басшысы әлемдік нейрохирургия саласының өкілдерімен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Уолтер Эдуард Денди атындағы нейрохирургия қоғамдастығының дүниежүзілік Х конгресіне қатысу үшін Астанаға келген әлемдік нейрохирургия саласының өкілдерін қабылдады.

Президенттің айтуынша, мұндай форумның Қазақстанда өтуі отандық нейрохирургия жетістіктерінің кеңінен мойындалғанын көрсетеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Конгресс нейрохирургия саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосып, озық тәжірибе мен технология алмасуға ықпал ететініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан нейрохирургияда жасанды интеллектіні қолдануға айрықша мән беретініне назар аударды. Сол арқылы медицинаның жоғары технологиялы салаларын белсенді дамытуды қолға алғанын жеткізді. Оның айтуынша, цифрлы және роботты технологиялардың арқасында отандық нейрохирургия саласы өркендеп келеді. Мемлекет басшысы кездесуге қатысушылардың әлемдік медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев мазмұнды әрі нәтижелі пікір алмасу үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Денсаулық сақтау министріне нейрохирургияға, жалпы медицина саласына озық технологияларды енгізу шараларын жандандыруды, Қазақстанда шетелдіктерді емдеу бойынша көрші мемлекеттермен үкіметаралық келісім жасау туралы Ұлттық нейрохирургия орталығының басшысы Серік Ақшолақовтың ұсынысына қатысты жұмыс жүргізуді тапсырды.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«Ата жолы» картасы: дүние жүзіндегі этникалық қазақтар тарихи Отанына оралып, елге қызмет ету мүмкіндігін пайдаланады

Телеарна ХанТВ

САЙРАМ АУДАНЫНДА ӨСІРІЛГЕН БАНАН МЕН ӨҢДЕЛГЕН ЖЕМІС ӨНІМДЕРІНЕ СҰРАНЫС АРТЫП КЕЛЕДІ

Телеарна ХанТВ

ДҮЛЕЙ ДАУЫЛ ТҰРЫП, БОРАН СОҚТЫ

Телеарна ХанТВ