25.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

ПРЕЗИДЕНТ НҰРЛАН САУРАНБАЕВТЫ КӨЛІК МИНИСТРІ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАДЫ

Президент нұрлан сауранбаевты көлік министрі қызметіне тағайындады. Нұрлан Сауранбаев 1967 жылы Жамбыл қаласында туған. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Мұнай өнеркәсібін оқыту орталығын (Италия) бітірген. Мамандығы бойынша экономист, мұнай әкімшілендіру магистрі. Еңбек жолын 1991 жылы жеке коммерциялық компанияның басшысы болып бастаған, онда 1997 жылға дейін жұмыс істеді.

1997-1998 жж. — ҚР Кәсіпкерлер конгресінің атқарушы директоры. 1998-2000 жж. — «Қазақстан темір жолы» РМК департаментінің директоры. 2000-2002 жж. — «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ААҚ-ның бірінші вице-президенті; бас менеджері, қайта құру жобасын басқару тобының жетекшісі. 2002-2004 жж. — «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ Инжинирингтік және сервистік жобалар департаментінің директоры. 2004-2007 жж. — «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры. 2007-2020 жж. — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры. 2010-2011 жж. — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы орынбасарының кеңесшісі; басқарушы директоры. 2011-2014 жж. — индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі. 2014-2016 жж. — қорғаныс министрінің орынбасары. 2016-2017 жж. — ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау және өткізу мәселелері жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетінің басшысы. 2017-2018 жж. — Шымкент қаласының әкімі. 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖҮЛДЕСІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Телеарна ХанТВ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТАҚЫРЫП: ШАРУАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУЛАР МЕН ЖЕҢІЛДІКТЕРДІ АЛУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ ДИКТОР: «ҚазАгроҚаржы» су тапшылығы сезілетін өңірлерді қолдау мақсатында су үнемдеу бойынша жаңа лизингтік бағдарламаны іске қоспақ. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне бөлінетін қаржыландыру сомасын ұлғайтты. Бұл туралы Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, өндіріс көлемін ұлғайту және техникалық жарақтандыру мәселелері бойынша өткен жиында айтылды. КСМ: Кездесуге Түркістан облысы ветеринария басқармасының басшысы Ербұлан Жәнібеков, «Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдингі» акцонерлік қоғамының басқарушы директоры Нияз Көшкімбаев, «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Жұмжаев арнайы қатысты. Іс-шара барысында көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру, ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу мүмкіндіктері, сондай-ақ өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін қолдау шаралары талқыланады. Түркістан облысы – Қазақстанның аграрлық секторындағы жетекші өңірлердің бірі. Еліміздегі ауыл шаруашылығы өнімінің 13%-ы осы облыстың еншісінде. Жыл сайын өңірде 1,2 трлн теңгеден астам өнім өндіріледі. Егіс алқаптарының көлемі ұлғайып, жылыжай шаруашылығы, мал шаруашылығы және өнімді қайта өңдеу бағыттары жүйелі дамып келеді. 27,02 СНХ ЕРБҰЛАН ЖӘНІБЕКОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 00:12 – 00:30 ▪Кездесу барысында «ҚазАгроҚаржы» АҚ өкілдері Түркістан облысының фермерлерін қолдаудың қорытындылары мен 2026 жылға арналған жоспарларын таныстырды. 2000 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «ҚазАгроҚаржы» тарапынан өңір экономикасына шамамен 103 млрд теңге инвестиция бағытталған. Осы кезең ішінде жалпы құны 74 млрд теңге болатын 6800-ден астам техника лизингке беріліп, шаруалар техникалық паркін жаңартуға мүмкіндік алды. Компания 2026 жылы Түркістан облысына 19 млрд теңге қаржы бөлуді жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде 7,1 млрд теңгеге өтінімдер қабылданып үлгерген. Бөлінген қаражаттың басым бөлігі көктемгі егіс жұмыстарын сапалы жүргізуге бағытталады. СНХ ЕРКЕБҰЛАН ЖҰМЖАЕВ «ҚАЗАГРОҚАРЖЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 00:17 – 00:45 КСМ: Түркістан өңірінің басты басымдығы – суару жүйелерін дамыту. Қазіргі уақытта «Агролизинг» арқылы мобильді суару жүйелерін 12,6%-бен алуға болады. Сонымен қатар жуырда жаңбырлатып суару машиналарын лизингке беру; инфрақұрылым құруға займдар бөлу, заманауи суару жүйелерін кешенді қаржыландыру бағыттарын іске қосу жоспарланып отыр. 27,02 СНХ НИЯЗ КӨШКІМБАЕВ «БӘЙТЕРЕК» ҰЛТТЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ХОЛДИНГІ АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ КСМ: Шаруалар кездесу барысында ұсыныстары мен сұрақтарын ортаға салып, мамандармен пікір алмасты. Бүгінгі диалог алаңы өңірдің аграрлық саласына жаңа серпін берері сөзсіз. Өйткені, жиынға қатысушылардың ұсыныстары алдағы даму жоспарларына негіз болмақ.

Han TV

НЬЮ-ЙОРК МАҢЫНДА ГУДЗОН ӨЗЕНІНЕ ТІКҰШАҚ ҚҰЛАП, АЛТЫ АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ 

Телеарна ХанТВ