31.3 C
Shymkent
16 августа, 2025
aspan

СЕНСОРЛЫ ПЛИТАНЫ ҚОСҚАН БАЛАНЫҢ ӘРЕКЕТІ ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙҒА ӘКЕЛЕ ЖАЗДАДЫ

Жезқазғанда сенсорлы плитаны қосқан баланың әрекеті қайғылы жағдайға әкеле жаздады.  ТЖМ құтқарушылары түтін басқан пәтерден төрт баланы эвакуациялады. Оқиға балалар қараусыз қалған кезде орын алды.

Анасы анализ тапсыру үшін медициналық мекемеге шығып кеткен кезде, үйде 2 мен 13 жас аралығындағы төрт бала ұйықтап жатқан. Сол сәтте олардың бірі оянып, ойыншықтарға толған пластик ыдысты сенсорлы электр плитаның үстіне қойып, қосып жіберген. Пластик жанып, бөлмелерді қою түтін басқан. Түтіннің иісін бірінші болып көршісі сезіп, дереу 112 қызметіне хабарлап, пәтерде балалардың барын айтқан.Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, арнайы құралдың көмегімен есікті ашып, 4 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады.Жедел жәрдем қызметі балаларды тексеріп, медициналық көмектің қажет еместігін анықтады. Тұтанған пластик өздігінен сөнген. Зардап шеккендер жоқ. ТЖМ ата-аналарға сенсорлы плиталар балалар үшін аса қолжетімді әрі қауіпті екенін ескертеді. Электр құрылғыларын толық сөндіріп кетуді, балаларды қараусыз қалдырмауды және қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ВАШИНГТОН ӘУЕЖАЙЫНЫҢ МАҢЫНДА ШАҒЫН ҰШАҚ ӨЗЕНГЕ ҚҰЛАДЫ

Телеарна ХанТВ

ЖАНАРТАУ АТҚЫЛАДЫ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТУРИСТЕР БАЛИДЕН ЭВАКУАЦИЯЛАНҒАН ЖОҚ

ТҰРҒЫНДАРДЫ АРЕНДАЛЫҚ ҮЙЛЕРМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Телеарна ХанТВ