aspan

ДАМАСКТЕ ЛАҢКЕС ШІРКЕУДЕ ӨЗІН-ӨЗІ ЖАРЫП ЖІБЕРДІ: 20-ҒА ЖУЫҚ АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Дамаск қаласындағы Дувейла ауданында орналасқан Мар Элиас шіркеуінде жанкешті жарылыс жасады. Салдарынан кем дегенде 20 адам қаза тауып, 50-ден астамы жарақат алды.

Сирияның Ішкі істер министрлігі шіркеуде жарылыс жасаған адамның «Ислам мемлекеті» ұйымының мүшесі болғанын мәлімдеді (бұл ұйым Ресейде террористік деп танылып, тыйым салынған). Террорист шіркеуге кіріп, оқ атқан, кейін жилетіндегі жарылғыш затты іске қосқан. Қауіпсіздік қызметіндегі аты-жөнін атамауды өтінген дереккөздің айтуынша, шабуылдағандар екеу болған. Оның бірі — өзін жарып жіберген жанкешті. Ал кейін жарияланған деректерде лаңкестік жасаған адамның жалғыз болғанын көрсетілген. AFP агенттігіне сұхбат берген куәгердің айтуынша, біреу шіркеуге қарумен кіріп, оқ ата бастаған. Сондай-ақ адамдар оны тоқтатуға тырысқанына қарамастан ол өз-өзін жарып жіберген.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРДАН ОРАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ: ХАЛЫҚ ЫСТЫҚ ЫҚЫЛАСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТТЕ 160 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕК АЛДЫ

Телеарна ХанТВ