aspan

ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕК АҚТАЛҒАН КҮН

19 маусым — қала тұрғындары үшін ерекше күн. Дәл осы күні қала күні аталып өтіп, шаһардың әлеуметтік-мәдени дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар марапатталып мерекелік жиын өтті.Аталмыш шарада қанша азаматқа «шымкент қаласының кұрметті азаматы төс белгісі» табысталды?  Тілші бейнематериалында толығырақ.

Салтанатты шарада қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Шымкент Қаласының құрметті азаматы» төс белгісін 24 азаматқа табыстап, олардың еңбектеріне алғысын білдірді.

Марапатталғандардың бірі  Әбдімәжит Битабаров.Ол 28 жыл бойы облысты көкөніспен қамтитын орталықтың  басшысы болған. Кәсіпкер бүгінгі таңға дейін  қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін  қосып келеді.   Ол  Еңбегі еленгеніне қуанышты.

Қала күнін тойлау — тек мереке емес, өткенге тағзым, еңбекке құрмет. «Құрметті азамат» атағы — бұл тек қана төс белгі емес,ол елге жерге деген жанашырлық.Шара соңында қала өнерпаздары мерекелік концерт ұсынып, кеш қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ХҚКО операторларына жыл басынан бері 300 мыңға жуық бейнеқоңырау түсті

ШЫМКЕНТ: КӨКТЕМГІ НАУҚАНДА 1 МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ ӘСКЕР ҚАТАРЫНА ШАҚЫРЫЛАДЫ

admin

ТҰРҒЫНДАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Телеарна ХанТВ