aspan

ЖАНАРТАУ АТҚЫЛАДЫ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТУРИСТЕР БАЛИДЕН ЭВАКУАЦИЯЛАНҒАН ЖОҚ

Индонезияда Левотоби Лаки-Лаки жанартауы оянды. Сол аралда демалып жатқан қазақстандықтар эвакуацияланбады. Жанартаудың күлі 11,5 шақырымнан асты. Осыған байланысты Балиге және кері бағыттағы ондаған рейс тоқтатылды. Бір-екі сағаттың ішінде елуге жуық шығарынды тіркелді.

Ауада пайда болған күл авиация үшін қауіпті, шығарындылар ұшақ қозғалтқыштарын зақымдауы мүмкін. Қазір елдегі дабыл «қызыл» деңгейде. Ішкі және халықаралық рейстер ішінара тоқтатылды. Жергілікті билік 7 шақырым радиуста тұрғындарды шұғыл эвакуациялады. Тұрғындардан учаскеге 7 шақырымнан жақын жақындамауды сұрайды. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Мұндай құбылыс елде сирек емес, Индонезияда 300-ден астам белсенді жанартау бар.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЕСІРТКІ  ҮШІН СОТТАЛҒАН АЗАМАТТЫҢ АНАСЫ  ҮНДЕУ ЖАСАДЫ

Телеарна ХанТВ

ҚАУІПТІ САМОКАТТАР

Телеарна ХанТВ

ТҰРАН АУДАНЫНДА КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Телеарна ХанТВ