21.3 C
Shymkent
16 августа, 2025
aspan

ЕНДІ САМОКАТТЫ ДҰРЫС ОРЫНҒА ҚОЙМАҒАНДАР АЙЫППҰЛ АРҚАЛАЙДЫ

Алматы, Астана және Шымкент қалаларында электросамокаттарды дұрыс қоймағандарға айыппұл салынбақ. JET компаниясының мәліметінше, ережені бірінші рет бұзған адам 100 теңге көлемінде ең төменгі айыппұл арқалайды. Қайтадан бұзса, айыппұл 1000 теңгеге дейін өседі. Жаңа ереже Алматыда 13 маусымнан бастап іске қосылды.

Айыппұлдар мына жағдайларға да қарастырылған: Мас күйде самокат тебу. Егер адам алкоголь ішіп немесе есірткі қолданып, самокатпен жүрген болса, бұл қауіпті және заңмен жазаланады; Екі адам мініп жүру. Самокат бір адамға арналған, ал екі адам мініп жүру қауіпті және құрылғыға зақым келтіруі мүмкін; Самокатты қызмет аумағынан тыс жерге қалдыру. Кикшеринг қызметі тек белгілі бір аумақта жұмыс істейді. Самокатты сол аумақтан тысқары жерге апарып тастау ережеге қайшы; Сапар соңында фотоны дұрыс жүктемеу. Самокатты қойған соң қолданушы оның дұрыс қойылғанын дәлелдеу үшін фото түсіруі керек. Егер фото анық болмаса немесе ереже бұзылған болса айыппұл салынады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

4 ЖЫЛ БҰРЫН ЖОҒАЛҚАН ҚЫЗ ТАБЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

СКЕРИ ҚАҚТЫҒЫС БАСТАЛҒАЛЫ БЕРІ ҚАНША ПАЛЕСТИНАЛЫҚТЫҢ ҚАЗА ТАПҚАНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Телеарна ХанТВ