23.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

67 ҚАБАТТЫ ЗӘУЛІМ ҒИМАРАТ ӨРТЕНДІ

Дубайдағы әйгілі Dubai Marina ауданында орналасқан Tiger Tower тұрғын үй кешенінде ірі өрт шықты. 67 қабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабаттарынан басталған от тұтанып, бірден бірнеше қабатты шарпыған.

Жедел әрекет еткен төтенше жағдайлар қызметі ғимараттағы 764 пәтерде тұратын 3 820 тұрғынды толық эвакуациялады. Қуанышқа орай, зардап шеккендер жоқ. Қалалық билік өкілдерінің айтуынша, өртті сөндіру жұмыстары 6 сағатқа созылған. Қазір өрт толықтай ауыздықталған. Оқиға салдарынан Dubai Marina мен Palm Jumeirah станциялары арасындағы көлік қозғалысы іркіліспен жүріп жатыр. Қала әкімшілігі тұрғындарға уақытша баспана беру мәселесін құрылыс компаниясымен бірлесе қарастыруда.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ   ҚПД ӘЛ-ФАРАБИ   АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ   БАСҚАРМАСЫ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТ: НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНЫҢ ОНКҮНДІГІ ЕРЕКШЕ ФОРМАТТА АТАП ӨТІЛЕДІ

Телеарна ХанТВ

АРЫСТА АУСТРАЛИЯЛЫҚ ӘДІС БОЙЫНША 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН ІРІ ҚАРАНЫ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ САЛЫНУДА

Телеарна ХанТВ