Ауылға қоныс аударғандарға үй салу немесе сатып алуға арналған субсидияны көбейту керек. Қаладан ауылға көшетін ауыл шаруашылығы саласының мамандарына мақсатты мемлекеттік субсидиялар мен жеңілдетілген техникалық несие ұсынып, агрария саласында кәсіп жүргізгісі келетін азаматтарға жер телімдерін рәсімдеуді жеңілдетіп,жас фермерлерге арналған оқыту бағдарламаларын енгізу қажет. Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының мүшесі Жигули Дайрабаев Үкімет басшысына жолдаған сауалында ауылды дамытуға арналған осы ұсыныстарын алға тартты. Депутаттың айтуынша, агрария экономиканың драйверіне айналуы тиіс. Толы ғырақ тілші тарқатады.
Бүгінде елде алты мыңнан астам ауыл бар. Тәуелсіздің алған 34 жылда мыңдаған ауыл жабылып қалды. Жол жоқ, сапалы ауыз су тапшы, жұмыссыздық 2 мыңға жуық ауылдың болашағын жойып отыр. Ауыл неге дамымай жатыр деген сұраққа жауап бір. Ауылдардағы инфрақұрылымның әлсіздігі, жұмыссыздық және кәсіпкерлікке көрсетілетін қолдау мардымсыз. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын цифрландыру мен заманауи технологияларды енгізу де баяу жүріп жатыр. Ауылды дамытқанша жаба салған жеңіл болып отыр дейді депутат Дайрабаев.
Сапасыз жол, ескі мектеп, қолжетімсіз медицина ауылдарға тән көрініс болып кетті. Бұл ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын нашарлатып, амалсыздан қалаға қоныс аударуда. Бүгінде ауылдағы жұмыссыздық салдарынан жастарды ұстап тұру мүмкін емес. Ал ауылда қалып, шаруашылықпен айналысқысы келетіндерге де қолдау аз. Мәжілісмен Жигули Дайрабаев ауылға көшкендерге тұрғын үй сатып алуға немесе салуға субсидияны көбейту керек. Қаладан ауылға көшетін ауыл шаруашылығы саласының мамандарына мақсатты мемлекеттік субсидиялар мен жеңілдетілген техникалық несие ұсынып, агрария саласында кәсіп жүргізгісі келетін азаматтарға жер телімдерін рәсімдеуді жеңілдетіп, жас фермерлерге арналған оқыту бағдарламаларын енгізу қажет. Депутат бұл ұсынысын премьер-министрге жолдады.
Әрине ауылды дамытуға қатысты мүлдем жұмыс жүріп жатқан жоқ деп айтудан аулақпыз. Тек сол жұмыс баяу жүріп жатыр. Ал агрария экономиканың драйверіне айналуы тиіс. Ол үшін ауылға бетбұрыс жасау қажет. Яғни жас мамандардың «Дипломмен ауылға» бағдарламасына көбірек қатысуын қамтып, оларға жағдай жасау басты мәселе.
Бүгінде Қазақстан халқының 37 пайызы ауылда тұрады.Олардың басым бөлігі сапасыз су, нашар жол, қолжетімсіз медицинаның зардабын көріп оты