Түркістан облысы, Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты «Ж.Сүлейменов атындағы №70 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарих пәнінің мұғалімі Хидирова Карима Аскарбаевна 6 «А» сынып оқушысыларына «Қарахан мемлекеті» тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушыларға сабақ мақсаты түсіндіріліп, топқа бөліп алды. Үй тапсырмасын «wordwall» әдісі бойынша сұрады.
Оқушыларға Қарахан мемлекеті тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, бағыттаушы сұрақтар берілді.
Жаңа тақырып бойынша оқушылар мәтінді оқып шықты.
Топтық жұмыс «Сөйлемді жалғастыр» әдісі бойынша жүргізілді. Топ мүшелері берілген сөздерді ретімен орналастырып, өз ойларын айтып, сабақты толықтырып отырды.
Қарахан мемлекетінің саяси дамуы, жер иелену ерекшеліктері, мәдениеті тақырыптары бойынша өз жұмыстарының нәтижелерін постерге орындап, қорғады.
Екінші тапсырмада жұптық жұмыс жүргізілді. Оқушылар жұптасып, «Шахмат» әдісі бойынша бірінші оқушы екінші оқушыға сұрақтар дайындады. Екінші оқушы сұрақтарға жауап берді.
Сергіту сәті жүргізілді. Термин сөздерді дәптерге жазып отырды.
Үшінші тапсырмада жеке жұмыс «АВС» әдісі бойынша жүргізілді. «Оқушылардың білім деңгейіне қарай А» жеңіл деңгейлі тапсырма, «В» орташа деңгейлі тапсырма, «С» күрделі деңгейдегі тапсырмалар арқылы берілді. Оқушыларға әр тапсырмадан соң өзін — өзі бағалау, бірін — бірі бағалау, топты бағалау жүргізіліп отырды. Соңында жинаған балы бойынша оқушылар бағаланды. «Ұстазға хат» әдісі бойынша оқушылар сабаққа кері байланыс берді. Сабақ қорытындыланып, үйге тапсырма берілді.