aspan

ТЕМЕКІ ӨНІМДЕРІН ІРІ КӨЛЕМДЕ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМҒА ТҮСІРГЕН ТРАНСҰЛТТЫҚ ТОПТЫҢ 3 МҮШЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ АЙЫПТАУ ҮКІМІ ШЫҒАРЫЛДЫ  

Семей қаласында темекі өнімдерін ірі көлемде заңсыз айналымға түсірген трансұлттық топтың 3 мүшесіне қатысты айыптау үкімі шығарылды.
Тергеу ҚМА Абай облысы бойынша департаментімен жүргізілді.

Тергеу барысында 8 адам, оның ішінде 3 шетел азаматын қамтыған қылмыстық топтың Қырғызстаннан жалған құжаттар арқылы 9,3 млн қорап темекіні заңсыз кіргізгені анықталды.Темекі өнімдері Алматы, Жамбыл, Павлодар және Түркістан облыстарының аумағында сатылған. Сонымен қатар, қылмыскерлер тауардың бір бөлігін Ресейге шығармақ болған.Барлық заңсыз өнім айналымнан алынып, төленбеген акциз сомасы 2,6 млрд теңгені құрады. Мүлікті тәркілеу мақсатында 9 автокөлік пен жеке тұрғын үйге тыйым салынды.Сонымен қатар, тергеу барысында сот қылмыстық жолмен алынған мүлікті алдын ала тәркілеу туралы өтініштерді қанағаттандырды: 157 мың АҚШ доллары көлеміндегі қолма-қол ақша және құны 840 мың теңге тұратын «777» VIP автонөмір тәркіленді.

.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТЕКЕЛІДЕ БОЯУДЫҢ ИІСІНЕ УЛАНЫП ҚАЛҒАН ЕР АДАМДЫ ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

Даурен Абаев назначен чрезвычайным и полномочным послом Казахстана в России

admin

Темір жол машиналарын жасау саласында алдағы екі жылда 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Телеарна ХанТВ