33.3 C
Shymkent
5 мая, 2025
aspan

ЗАМАНАУИ ҚҰРАЛДАР-НӘРЕСТЕ ДЕНСАУЛЫҒЫНА СЕНІМДІ ҚАДАМ

Шымкент қаласында перинаталдық орталық заманауи мамандандырылған диагностикалық жабдықтармен толықты. Жабдықтардың енгізілуі нәресте мүгедектігін азайтып, сәбилердің салауатты өмірге қадам басуына ықпал етеді дейді салаға жауаптылар. Толғырақ тілші тарқатсын.

Биыл Almaty Marathon ұйымдастырушысы «Бірінші болу — батылдық» корпоративтік қоры «AYALA» қайырымдылық қорымен бірлесіп Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы екі перинаталдық орталыққа мамандандырылған диагностикалық жабдықтар табыстады. Көмектің жалпы сомасы 106 млн астам теңгені құрады. Бұл Қазақстандағы бала туу деңгейі ең жоғары өңірдегі нәресте мүгедектігін азайту жөніндегі ауқымды жобаның бір бөлігі.

«Аяла» қайырымдылық қоры «Бірінші болу батылдық» корпоративтік қоры мен Алматы марафонына қатысқан 16 мың жеңіл атлеттің қолдауымен бүгін Түркістан облысындағы №2 облыстық перинаталдық орталыққа және №1 қалалық перинаталдық орталыққа арнайы жабдықтар табыстайды. Бұл жабдықтар жаңа туған сәбилердің мүгедектігін азайтуға көмектеседі. Облыстық перинаталдық орталықта туылған патологиясы бар балаларға арналған ерте генетикалық скрининг жасауға арналған арнайы жабдық пайда болды. Бұл жабдық болашақ аналарға бала құрсақта жатқанда оның денсаулығы туралы білуге, ал дәрігерлерге жүктілік кезінде қиын жағдайларды анықтап, дұрыс түзету жүргізуге мүмкіндік береді. Қалалық перинаталдық орталыққа ретинальды камералар табысталып, олар жаңа туған сәбилердің көз көру қабілетін жақсартуға, ал ерте туған балалардың ретинопатиясымен күресуге көмектеседі. Жалпы, жобаның алдағы 10 жылда туғаннан бастап мүгедектікті азайтуға және кем дегенде 15 мың баланы қамтуға көмектесетіні жоспарлануда.

Сонымен қоса, қазіргі заманғы медицина туа біткен патологияларды дер кезінде анықтауға және нәресте мүгедектігінің даму қаупін төмендетуге мүмкіндік береді. Мысалы, «Бір күндік клиника» жобасы жүктілік кезінде, ал «Әлемді көремін» — туғаннан кейін бірден патологияны диагностикалауға көмектеседі.

Айта кетейік, «AYALA» қайырымдылық қорының өзі – неонатологияға маманданған Қазақстандағы жалғыз ұйым. 18 жыл ішінде қор 2,8 миллиард теңгеден астам қаржы тартты және еліміз бойынша 67 балалар реанимациясын заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етті.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУДАН АЗИЯ КУБОГЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТ СПОРТШЫЛАРЫ АЗИЯ КУБОГЫНДА ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

Телеарна ХанТВ

ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ — ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ

Телеарна ХанТВ