Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Түркістан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Білім басқармасының «Қосымша білім беруді дамыту өңірлік орталығы» бірлесіп, Төлеби ауданындағы «Бәйшешек» жазғы сауықтыру лагерінде «АЙБЫН-2025» әскери-патриоттық жиынына арналған облыстық іріктеу байқауын өткізді.
Жалпы жарысқа Түркістан облысының аудан-қалаларынан келген 17 команда құрамындағы 255 жас қатысты. Жастар турникке тартылу, шалқасынан жатып денені көтеру, әскери кросс, арқан тарту, пневматикалық мылтықтан ату, АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және жинақтау, сондай-ақ жалпыәскери қорғаныс жиынтығын кию секілді жаттығулар бойынша өзара бақ сынасты.
Облыстық әскери-патриоттық жиынның қорытындысы бойынша І орынды Кентау қаласының командасы, ІІ орынды Сайрам ауданы, ал ІІІ орынды Арыс қаласының құрама командасы иеленді.Жеңімпаздарға арнайы марапаттар, дипломдар және медальдар табысталды. Жақын арада жеңімпаз команда маусым айында Ақтөбе облысында өтетін халықаралық кезеңде облыс намысын қорғайтын болады.