16.3 C
Shymkent
10 октября, 2026
aspan

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУДЫҢ ҚАШАН ӨТЕТІНІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Қазақстанда дәстүрлі түрде 34 аптаға созылатын оқу жылы өз мәресіне жақындап қалды. Биыл 11-сынып түлектері үшін салтанатты шаралар мектеп әкімшілігінің шешіміне сәйкес 23 немесе 24 мамырда өтеді. Оқу-ағарту министрлігінің дерегінше, 2024-2025 оқу жылын еліміз бойынша 3,9 миллионнан астам оқушы қорытындыласа, оның ішінде 217 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасады.

23 мамыр күні еліміздің барлық білім ордаларында «Білімім – Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіледі. Бұл – оқушылар мен мұғалімдер үшін оқу жылының қорытынды сәтін бірге атап өтетін маңызды күн. Сабақ барысында оқу процесінде жеткен жетістіктер, ерекше жобалар мен есте қалған сәттер еске алынады. Министрлік барлық білім беру ұйымдарын оқу жылының аяқталуын қауіпсіз әрі тең форматта өткізуді ұсынады. Осыған байланысты сән-салтанатты жиындар өткізу, ақша жинау, автокөлікпен шерулер жасау және мектеп қабырғасынан тыс өзге де іс-шаралар ұйымдастыру қатаң түрде шектелетінін еске салады.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖАН ТҮРШІГЕРЛІК КІСІ ӨЛІМІ: 16 ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫ ҚЫЗ БЕН АНАСЫНЫҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТ СПОРТШЫЛАРЫ АЗИЯ КУБОГЫНДА ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

Телеарна ХанТВ

Қазақстанда ағаш өнімдерін таңбалау пилоттық жүйесі іске қосылуда

Телеарна ХанТВ