19.3 C
Shymkent
16 августа, 2025
aspan

БАЛАҒА ҚАУІП ТӨНГЕНДЕ: ПОЛИЦИЯ МЕН ТҰРҒЫН 3 ЖАСАР БАЛАНЫ ҚАЛАЙ  ҚҰТҚАРДЫ

Таңғы сағат 07:10 шамасында Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, Леңгір қаласы көшелерінің бірінде жеңіл киінген, аяқ-киімсіз кішкентай ұл бала жүргенін айтқан.Аталған жайт полицияға тіркеліп, аумақтағы барлық учаскелік полиция инспекторларына бағдар берілді. Баланың ата-анасын іздеу жұмыстары жан-жақты жүргізілді. Нәтижесінде өзінің ұлын іздеп жүрген әйел анықталып, полицияға жеткізілді. Анықталғандай, таңғы сағат 06:00 шамасында анасы әдеттегідей жұмысқа шығып кеткен. Үйдегілерден ерте оянған 3 жасар бала ашық тұрған дарбазадан далаға шыққан. Содан анасын іздеп, шамамен 3 шақырым қашықтыққа дейін кетіп қалған. Ал қараусыз жүрген баланы тауып алған Нұрбек Арапбаев, бұл жағдайға бей-жай қарамай бірден әрекет етіп, баланы қауіпсіз жерге жеткізеді. Баласымен қауышқан ана, оның амандығы жолында қолынан келгенін жасаған барлық азаматтарға алғысын білдірді. Өз кезегінде жалғыз жүрген баланың жанынан өтіп кетпеген азаматтық оң ұстанымы үшін Нұрбекке, полиция басшысы Ғалымжан Қуашбаев алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАНДА КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ «ЕҢБЕК КУБОГЫ» СПАРТАКИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 97%-Ы АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН

Телеарна ХанТВ

ҚОРҒАНЫС ӘСКЕРЛЕРІНДЕГІ СЕРЖАНТТАРДЫҢ КОМАНДИРЛІК ЖИЫНЫ  ӨТТІ

Телеарна ХанТВ