21.3 C
Shymkent
30 апреля, 2025
aspan

АЛАЯҚТЫҚ ФАКТІСІ БОЙЫНША ТЕРГЕУ АЯҚТАЛДЫ

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысы бойынша департаменті Қаскелең қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы кезінде аса ірі көлемде жасалған алаяқтық фактісі бойынша тергеуді аяқтады.
Тергеу кезінде «Tоредо» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылары 2021-2023 жылдары құрылысқа рұқсатсыз – яғни лицензиясыз, қажетті құжаттарсыз және жобалық-сметалық құжаттамасыз – жұмыс істегені белгілі болды.

Соған қарамастан, олар «НOME», «НOME Южный», «НOME SAU», «НOME МAK» тұрғын үй кешендерін әлеуметтік желілерде белсенді түрде жарнамалаған.Бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторының міндетті кепілдігі болмағанына қарамастан, олар жарнама арқылы 100-ден астам азаматтан 972 млн теңге жинаған.Сонымен қатар, құрылыс жұмыстары талапқа сай жүргізілмей, белгіленген мерзімде аяқталмаған. Бұл жағдай үлескерлердің жаппай құқық қорғау органдарына жүгінуіне себеп болды.

Сот санкциясымен күдіктілердің 240 млн теңгеден асатын мүлкіне тыйым салынды. Олардың ішінде 12 жер телімі, 9 автокөлік, аяқталмаған үш қабатты ғимарат және жеке тұрғын үй бар. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауда. Іс сотқа жіберілді.Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жария етуге жатпайды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АҚ ХАЛАТТЫЛАР АЭС САЛУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Телеарна ХанТВ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Телеарна ХанТВ

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНАН ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ КӨБЕЙТУГЕ ДЕЙІН: 2024 ЖЫЛЫ ҮКІМЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ШАРАЛАРЫ

Телеарна ХанТВ