21.3 C
Shymkent
29 апреля, 2025
aspan

ЕКІ КӘСІПКЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС АЯҚТАЛДЫ

Қаржылық мониторинг агенттігі Абай облысы бойынша департаменті екі кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі аяқтады.Олар 2023 жылдың қыркүйегі мен 2024 жылдың қазаны аралығында Семей қаласы аумағында лицензиясыз құм өндіріп, оны сатқан.

Нәтижесінде күдіктілер заңсыз түрде 68 мың тоннадан астам құм өндіріп, мемлекетке 272 миллион теңге көлемінде залал келтірген.
Кейіннен құрылыс материалдарын өндіруші зауыттарға құмды өткізу жалған сәйкестік сертификаттарын пайдалана отырып, жеке кәсіпкерлер арқылы жүзеге асырылған.Оны сатудан түскен қылмыстық табыс 150 миллион теңгеден асты.Күдіктілер осы қаражаттың бір бөлігін фронтальды тиегіш сатып алуға жұмсап, қосымша 6,2 миллион теңге мөлшерінде табыс тапқан.

Соттың санкциясымен күдіктілердің 181 миллион теңгеден астам сомаға бағаланған мүлкіне тәркілеу мақсатында тыйым салынды.
Мүліктердің қатарында 11 автокөлік, 2 пәтер, жер учаскесі және 17 миллион теңге көлеміндегі дебиторлық қарыз бар.Іс айыптау актісін бекіту үшін прокурорға жолданды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АБАЙ ІЛІМІ: ТОЛЫҚ АДАМ НЕГІЗІНДЕГІ БҮГІНГІ ҰСТАЗ БЕЙНЕСІ

Телеарна ХанТВ

Голливуд компаниясы Қазақстанда фильмдер түсіруді бастайды

admin

ҚАУІПТІ МАНЕВР ЖАСАҒАН «АLPHARD» ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ  ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ