aspan

ШЫМКЕНТ   ҚПД ӘЛ-ФАРАБИ   АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ   БАСҚАРМАСЫ   

  Ағымдағы жылдың 5 қаңтардан бастап  Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес саласында жаңа бөлім өз қызметін бастады. Бұл бөлім тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресте жинақталған жүйелік мәселелерді шешуге, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жалпы айтқанда:

Отбасы-тұрмыстық қатынастар – ерлі-зайыптылар, бұрынғы ерлі-зайыптылар, бірге тұратын немесе бірге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар;

     Тұрмыстық зорлық-зомбылық — отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға (басқаларға) қатысты дене зардабын және (немесе) психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі);

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы — тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектілері жүзеге асыратын, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық шаралар кешені;

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектілері —  тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары.

Егер серігіңіз сізге бір рет зәбір көрсеткен болса, ол кез келген сылтаумен екінші рет те көрсетеді;

Отбасындағы зорлық-зомбылық жас ерекшелігіне, әлеуметтік, экономикалық, діни, нәсілдік, материалдық, гендік немесе білім шекараларына қарамайды.

Ағымдағы жылғы 20 сәуір мен 20 маусым аралығында республика аумағында «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» акциясы өткізіледі.

Акцияның мақсаты- Отбасы тұрмыстық қарым-қатынаста жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеу.

Егер сізге немесе сіздің жақыныңызға күш  көрсетіліп, психологиялық зорлық-зомбылық әрекеті жасалса, бізге хабарласыңыз телефон номері +7747 529 14 38 немесе Біздің мекен – жайымыз: Шымкент қаласы, Желтоқсан 3 мекен-жайында орналасқан, Әл-Фараби  аудандық полиция басқармасы  №224 кабинетке келіңіз!  Біз сізге құқықтық және психологиялық көмек көрсетуге дайынбыз.

 

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Бүгін Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мектеп оқушыларына арналған жаңа жылдық шырша тойы тойланды.

Телеарна ХанТВ

КОРЕЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНА ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЕНДІРМЕК

Телеарна ХанТВ

ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН КҮШЕЙТУ КЕРЕК

Телеарна ХанТВ