aspan

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ РУСЛАН БЕРДЕНОВТІ АТЫП КЕТТІ

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті. Оқиға 21 сәуір күні шамамен сағат 20:30 шамасында Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының маңында болды. Шабуыл нәтижесінде ол жамбас және иық тұсынан оқ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Күдікті ұсталды. Тергеу мәліметтері бойынша, күдіктіде 10 күн бұрын өткен кездесуден кейін Берденовке жек көрушілік пайда болған. Бұл іс-шарада күдікті азамат өз басшылығымен дөрекі сөйлескен. Осыған байланысты әкімнің орынбасары оған ескерту жасап, кездесуден кетуді сұраған. Сол жерде руслан Берденов «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің жұмысын тексеріп, компания басшысын атқаратын қызметінен босатуды тапсырған

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кей БАҚ күдіктінің қалалық әкімдікке қарасты “Тұрғын үй Шымкент” ЖШС маманы екенін хабарлады. Есімі Ернар Жиенбай, 1994 жылы туған. Мәліметке сәйкес, оқ атқан адамды ұстауға Берденовтің жүргізушісі көмектескен.  Шабуылдаушы шенеунікті әкімдік ғимаратының жанында күткен. Көшеге шыққанда жақын жерден бірнеше рет оқ атқан. Мұны Берденовтің қызметтік көлігінің жүргізушісі байқаған. Ол тез арада газды басып, оқ атқан адамды көлігімен қаққан.  Руслан Берденовтың жағдайы қазір тұрақты ауыр деп бағаланып жатыр. Шымкент әкімі орынбасарына ота жасалған. Оның өміріне қауіп жоқ. “Дәрігерлер оны тұрақтандырып, ауруханаға жеткізді, онда олар шұғыл операция жасады. Ол төрт сағаттан астам уақытқа созылды”, — делінген хабарламада.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АЛМАТЫ ӘУЕЖАЙЫНДА ПЫШАҚ ҰСТАҒАН ЕР АДАМ ҚЫЗМЕТКЕРДІ КЕПІЛГЕ АЛДЫ. БАРЛЫҒЫ 7 МИНУТҚА СОЗЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ҚАЗАҚСТАН МӘСЛИХАТТАРЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

АБАЙ ОҚУЛАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ