Шымкентте Дзюдо спортынан жасөспірімдер арасында КСРО ның спорт шебері Юрий Анатолиұлын еске алуға арналған республикалық турнир өтті.Жарысқа еліміздің 6 өңірінен қатысушылар келіп бақ сынады.
Дзюдо — бұл жапондық күрес түрі, оның негізгі мақсаты қарсыласын жерге құлату, немесе оны өзіне қарама-қарсы әдіспен басқару. Жапон тілінен аударғанда «жұмсақ жол» деп түсіндіріледі, яғни күресте күштің орнына техникалық шеберлік пен әдіс қолдану маңызды.Аталмыш спорт түрінен өткізіліп жатқан шараға Еліміздің өңірлерінен 300 ге жуық спортшы келді.
Шараға Юрий Анатолийұлының алғашқы шәкірті Рашид Ибрагимов келді. Оның айтуынша тәлімгері әрбір техниканы егжей тегжейлі үйретіп, жарыс барысында ерекше қолдауы жүректе қалғанын жеткізді. Осындай шеберлігінің арқасында қолынан қаншама мықты спортшылар шықты дейді.Сонымен қоса бапкері өте байсалды,сабырлы әрі өз ісінің хасшебері екенін де алға тартты.
Юрий Анатолийұлы бұл ең үздік әрі керемет жаттықтыушылардың бірі .Ол кісі менің жаттықтырушым болды.Өте сабырлы,салмақты,өз ісін білетін мықты педагог жаттықтырушы тәлімгер.Оның ізгі ниетінің арқасында осы іс-шараға ТМД елдерінен қонақтар келіп отыр.Менде солардың қатарынанмын.
Алтынбек Абайевтың айтуынша бұндай іс шараларды жиі ұйымдастыру болашақта елімезден әлемдік деңгейдегі чемпиондарды шығаруға өз септігін береді дейді.Және бұл ұстазға көрсетілген құрмет екенін атап өтті.
Дзюдо спорттың ғана емес, тәрбие беру мен моральдық қағидаларды ұстанудың да маңызды құралы. Дзюдоның негізгі философиясы тек физикалық күшті емес, ақыл-ойды, шыдамдылықты және құрметті де дамытуға бағытталған. Дзюдо спортшылары бір-біріне құрметпен қарауға, әділ болуға, сабырлы және әділетті болуға үйренеді
Саян Тасбалта- еңбекшіл әрі табанды спортшы. Ол дзюдо спорт түрімен 5 жылдан астам уақыт шұғылданып келеді. Осы уақыт аралығында шыдамдылық пен табандылықты қатар алып жүріп, рухани тұрғыдан да дамып келеді. Дәл осы сайысқа небәрі 2 апта көлемінде дайындық жүргізген. Жаттығу барысында уақытын ұтымды пайдаланып, күнделікті дайындығын екі еселеп жаттықтырушылардың айытқанын бұлжытпай орындаған.
Дзюдо күш пен ақылдың үйлесімі дегендей бұл спорт түрімен шұғылдану екінің бірінің қолынан келе бермейді: Сондай-ақ аталмыщ спорт түрі әлемге кеңінен таралған олимпиадалық күрес түрі. Оған 100 елден астам мемлекет қатысады. Шараға жауаптылардың айтуынша мұндай жарыстарды жиі ұйымдастыру спортшыларды жоғарғы дәрежедегі алаңдарда еркін күресуге баулиды.