14.3 C
Shymkent
12 октября, 2026
aspan

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БІРҚАТАР МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕЛШІСІНЕН СЕНІМ ГРАМОТАЛАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады. «Ақорда» резиденциясында жеті мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті.

Сенім грамоталарын Беларусь Республикасының елшісі Алексей Богданов, Таиланд Корольдігінің елшісі Пияпин Нийомреркс, Молдова Республикасының елшісі Штефан Горда, Мьянма Одағы Республикасының елшісі Тит Линн Оун, Кения Республикасының елшісі Питер Мутуку Матуки, Албания Республикасының елшісі Блерта Кадзадеш, Италия Республикасының елшісі Антонелло де Риу тапсырды. Мемлекет басшысы дипломаттарды Қазақстандағы миссияларының басталуымен құттықтап, еліміз олардың қызметіне жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бейбіт әрі көпвекторлы сыртқы саясат ұстанатынын айтты. Президенттің айтуынша, халықаралық қатынастарда диалог пен ықпалдастық қағидаттары басшылыққа алынуға тиіс және БҰҰ Жарғысын қатаң сақтау айрықша маңызды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Түркістан облысының әкім орынбасары Бейсенбай Тәжібаев: Білім және денсаулық саласындағы оң өзгерістер және әлеуметтік желілердегі теріс ақпараттарға жауап!

Телеарна ХанТВ

ӘСКЕРИЛЕР НЕЦАРИМ ДӘЛІЗІНЕН ШЫҚТЫ: ПАЛЕСТИНАЛЫҚТАР ҮЙІНЕ ОРАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ЕРДОҒАН ИРАНҒА ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ

Han TV