aspan

ИЗРАИЛЬ ӘУЕ ШАБУЫЛЫНАН 10 ПАЛЕСТИНАЛЫҚ ҚАЗА ТАПТЫ

Израиль Газа секторын тағы бомбалады. Бұл жолы Анклавтың солтүстігіндегі Хан Юнис қаласындағы босқындар шатыры талқандалған. Палестина Денсаулық сақтау мекемесінің мәлімдеуінше, әуе шабуылынан 10 адам қаза тапты.

Құрбандар арасында осы соғыс барысын түсіріп жүрген жергілікті танымал фотограф және жазушы Фатима Хасуна бар. Отқа оранған бейнежазбаны «Рейтер» агенттігі жариялады. Бірнеше адам жараланған. Оларды азаматтық қорғаныс мүшелері мен тұрғындар құтқаруға әлектеніп жатыр. Кеше ғана Израиль шабуылынан 35 палестиналық ажал құшқан болатын.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Jastar Fest Шымкентте: Жастар күні белсенді шымкенттіктерге арналған жаңа гранттар мен байқауларға жол ашты

Телеарна ХанТВ

Енді ұялы байланыс қызметтері де қымбаттайды

Телеарна ХанТВ

Шымкентте «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында кездесу өтті

admin