aspan

МАРИХУАНАНЫҢ ІРІ ПАРТИЯСЫ ТӘРКІЛЕНДІ

Алматыда марихуананың ірі партиясы тәркіленді, — деп хабарлайды Polisia.kz. Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Әуезов аудандық полициясының жедел уәкілдерімен бірлесіп, есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру дерегін анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері құрамында есірткі бар өсімдіктер өсірілетін, жабдықталған фитозертхананы анықтады. Ғимараттан өзіне тән иісі бар 31 түп өсімдіктер, сондай-ақ арнайы техникалар: шамдар, таразылар, тыңайтқыштар, судың қышқылдығы мен температурасын өлшейтін құрылғылар тәркіленді. Сараптамаға сәйкес, өсімдіктер – марихуана есірткісі деп танылды, оның жалпы салмағы 21 келіден асады. Күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Руслан Арысбекұлы Берденов қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Телеарна ХанТВ

шымкенттегі жайлы мектептің жайсыз тұсы

Телеарна ХанТВ

КӨМІРГЕ ДЕГЕН СҰРАНЫС ЖЫЛЫНА 19 МЛН ТОННАДАН АСАДЫ

Редактор HAN TV