aspan

АТА-АНАЛАР ҰЛДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЖАҒДАЙЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

«Армия ана көзімен» айлығы аясында ««Аналардың жүрегі» сарбаздар аналарының кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі қатардағы жауынгерлердің ата-аналарымен бірге Шымкент қаласында орналасқан 10216 әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери бөлімінде болды.

Сапар барысында Шарифа Ахметжанқызы бөлімге шақырылған сарбаздардың жеке құрамымен кездесу өткізіліп, сарбаздармен ашық сұхбат жүргізіп, әскери қызметшілердің қызмет ету жағдайларын, тұрмыс-тіршілігін, моральдық ахуалын сұрастырды.

Біздің басты міндетіміз – сіздерге қолдау көрсету, туындаған мәселелерді шешуге көмектесу және әскери қызмет уақытын қауіпсіз ету. Біз әр сарбазды өз баламыздай уайымдаймыз. Өйткені, бәріміз де анамыз, әрине, балаларымыздың әскери борышын қалай, қандай жағдайда атқарып жатқаны бізді алаңдатады. Әрбір ана баласына сабырлы болу үшін біз әскери бөлімдермен барынша тығыз қарым-қатынаста болуға тырысамыз, — деді ол.

Сапар барысында сарбаздардың ата-аналары мен «Аналар жүрегі» комитетінің өкілі әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайымен жеке танысты. Олар сарбаздардың асханасын аралады, азық-түлік өнімдерін сақтау тәртібі мен жарамдылық мерзімін көрді, сонымен қатар медициналық пункттерді аралады, қызметкерлермен әңгімелесіп, медициналық көмекке жүгіну журналындағы жазбаларды қарап шықты. Бөлім басшылығының қолдауымен келген қонақтар казарма мен теориялық және практикалық сабақтар өткізуге арналған кабинеттерді де аралап көрді. Ата-аналар мен қоғамдық ұйым өкілі әскери қызметкерлердің қызмет етуіне және демалуына қолайлы жағдай жасауға ықпал ететін тәртіп, тазалық пен ұйымшылдықтың жоғары деңгейін атап өтті.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Заманауи технологиялар жол апатын азайтуға көмектеседі

Телеарна ХанТВ

Шымкент қаласы тұрғындарының назарына!

Телеарна ХанТВ

ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ