aspan

ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

Қаратау аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Зульфия Бекмурзаеваның қатысуымен колледж студент қыздарымен кездесу өтті. Іс-шараның басты мақсаты – бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі саналатын қыз бала тәрбиесіне назар аудару, олардың жан-жақты дамуына, рухани-адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіруіне ықпал ету.

Кездесу барысында Зульфия Бекмурзаева ұлттық тәрбиенің өзегі саналатын қыз балаға тән болмыс пен мінез, инабаттылық пен ізеттілік туралы сөз қозғап, бүгінгі қоғамда жиі кездесетін өзекті мәселелерге – тұрмыстық зорлық-зомбылық, ысырапшылдық, отбасылық тәрбие, әлеуметтік желілердің ықпалы сынды тақырыптарға тоқталды.

Жастармен ашық диалог форматында өткен жүздесуде қатысушылар өз ойларын ортаға салып, көкейдегі сауалдарына тұшымды жауап алды. Сонымен қатар, жиынға колледж ұстаздары, ата-аналар, Аналар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ, салалық мамандар – психологтар мен социологтар қатысты.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖЫМҚЫРУ ФАКТІСІ БОЙЫНША ТЕРГЕУ АЯҚТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

25 МЫҢ АДАМ НАРАЗЫЛЫҚ ШЕРУІНЕ ШЫҒЫП, ҮКІМЕТТІҢ ОТСТАВКАҒА КЕТУІН ТАЛАП ЕТТІ

Телеарна ХанТВ

Қазақстанның «ішкіш» адамдар көп тұратын өңірлері белгілі болды

admin