aspan

ӘЛЕМДЕ 10 МИЛЛИОН АДАМ ЕМІ ЖОҚ ПАРКИНСОН АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАН

Паркинсон ауруы жастарды да айналдырып тұр. Бұрын бұл дертке бірлі жарым болмаса негізінен егде жастағылар шалдығатын. Қазір әлемде мұндай науқастардың саны 10 млн-ға жуықтайды. Алдағы 25 жылда жер жүзін жайылған дерт тағы 10 млн адамды құрбан етеді деген қауіп бар.

Ең қиыны, жер жүзінде әлі күнге бұл ауруды емдейтін дәрі-дәрмек жоқ. Бірақ жаһан ғалымдары кеселдің белгілерін алдын ала анықтап, науқастың өмір салтын жеңілдететін түрлі әдіс-тәсілдерді ойлап тауып жатыр. Айта кетейік, бүгін Дүниежүзілік Паркинсон ауруымен күрес күні.  Паркинсонға көп жағдайда алпысты алқымдаған қариялар шалдығатын еді. Қазір елуді еңсермеген орта жастағылар да сырқаттың зардабын тартып отыр. Белгілісі, олардың дені – ер адамдар. Кейінгі жылдары әлем халқының 43%-і, яғни 3,4 миллиард адам жүйке жүйесі ауруына шалдыққан. Кеселдің құрбаны болғандары да көп. Олардың дені – Паркинсон сырқаты бар науқастар. Lancet журналында жарияланған зерттеуде осылай делінген. Ондағы деректерге сәйкес Паркинсон науқасты мүгедектік етіп, мұның соңы ерте өлімге әкелуі мүмкін. Ғалымдар 1990 жылдан 2021 жылға дейін неврологиялық аурудан мүгедектік және ерте өлім деңгейі 18%-ке артқанын анықтады. Әлем бойынша альцгеймерден кейін ең көп тараған неврологиялық кесел – Паркинсон. Нақты себебін табу өте қиын. Дерт дереу асқынып, клиникалық белгілері байқала бастаған кезде ғана анықталады. Негізі кесел іш қату мен ұйқысыздықтан басталып, бұл процесс 20 жылға дейін жалғасуы мүмкін. Мұнан соң ақыл-ойдың бұзылуы мен бұлшықеттің әлсіреуі байқалады. Кей зерттеулер науқастардың микроағзасында өзгерістер болатынын көрсетті.

 

 

Related posts

Бәйгеден Қазақстан чемпионаты: Ең мықтылардың жарысы Шымкентте басталады!

Телеарна ХанТВ

Мектеп оқушыларына сабақта смартфон пайдалануға тыйым салынады: заңға қол қойылды

admin

ІРІ ҰТЫСТАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙТЫН АЛАЯҚТЫҚ CALL-ОРТАЛЫҒЫ ЖОЙЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ