aspan

ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ ЖАСТАРМЕН ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Шымкент қаласында ардагерлер мен политехникалық колледж студенттерінің қатысуымен «Жасанды интеллект және тәлімді тәрбие» атты семинар кеңесінің бағдарламасы өтті. Шараға қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, зиялы қауым өкілдері және жастар қатысты. Кездесудің басты мақсаты – жасанды интеллект дәуірінде ұлттық құндылықтар мен тәрбиенің маңызын арттыру, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығын нығайту.

Әбила Көздібаеваның айтуынша, семинардың басты мақсаты — 2025 жылғы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында айтылған жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар негізіндегі жаңа дәуірдің өзекті мәселелерін түсіндіру және олардың шешу жолдарын қоғамда кеңінен насихаттау.

Кенжехан Төлебаев семинар барысында Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында басталған жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, қалалық әкімдік пен зиялы қауым өкілдері бірлесе отырып, Жолдауда көтерілген бастамаларды халыққа түсіндіруде белсенділік танытуда. Сонымен қатар, қаладағы бес аудан бойынша «Жасанды интеллект және ізгілікті тәрбие» тақырыбында арнайы семинарлар өткізу жоспарланған.

 Іс-шара барысында қатысушылар жасанды интеллекттің қоғамдағы рөлі, білім беру жүйесіне әсері және жастардың рухани дамуына ықпалы жайында ой бөлісті. Осындай мазмұнды кездесулер өскелең ұрпақтың саналы, жауапты, әрі заман талабына сай тұлға болып қалыптасуына жол ашады.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫН ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУ ДЕРЕГІНІҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ

Телеарна ХанТВ

АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 23,0 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫ ЕГІЛУДЕ

Телеарна ХанТВ

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС – ХАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ

Телеарна ХанТВ