aspan

ЖАС ҒАЛЫМДАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Болашақ ғылымының бағытын айқындайтын тың бастамалар мен озық ойлар ортаға салынды. Ж.Тәшенев атындағы университетте әр өңірден жиналған жас зерттеушілер бас қосқан «FUTURE SCIENCE: ИДЕЯ, ИННОВАЦИЯ, ИНТЕЛЛЕКТ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция  өтті.Ауқымды шараға докторанттар, магистранттар, студенттер мен жас ғалымдар қатысты. Олар өздерінің заманауи талаптарға сай ғылыми жобаларын ұсынып, креативті идеялары мен инновациялық бастамаларын көпшілік назарына ұсынды.

Конференция барысында жасанды интеллект, педагогика және психология салаларындағы өзекті мәселелер кеңінен қарастырылды. Жас зерттеушілер заманауи технологияларды білім беру жүйесіне енгізу, адамның психологиялық даму ерекшеліктері, сондай-ақ цифрлы дәуірдегі жасанды интеллекттің ықпалы туралы мазмұнды баяндамалар жасады. Ғылыми жиын — тың идеялар мен инновациялық жобалардың алаңына айналды. Қатысушылар болашақ ғылымына бағыт-бағдар беретін ұсыныстарын ортаға салып, пікір алмасу арқылы өзара тәжірибе жинады.

Конференцияға қатысқан жас зерттеушілердің бірі — Жұмабек Тәшенев атындағы университеттің 1 курс магистранты Оразбек Абудалиев. Оның айтуынша, мұндай ғылыми шаралар жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге белсене араласуына ықпал етеді. Мен өз зерттеу жұмысымда оқушылар мен студенттердің лингвистикалық білімдерін арттыру жолдарын қарастырдым. Себебі тіл – тек қарым-қатынас құралы емес, ол – ойлау мен мәдениеттің негізі», — дейді жас магистрант.

Конференция университет оқытушыларының алғы сөзімен басталып пленарлық және секциялық отырыстармен жалғасты.Жас ғалымдардың ғылымға деген ынтасын оятқан бұл бастама ,тың идеяларын жүзеге асыруға жол ашқан бірегей ғылыми алаң болды.

 

 

 

 

 

 

Related posts

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРЫЛАТЫН АЗАМАТТАРҒА БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕҢІЛДІКТЕР МЕН ЖАҢА МҮМКІНДІК ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ

Телеарна ХанТВ

Мемлекет басшысы:

Телеарна ХанТВ

БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН 500-ГЕ ЖУЫҚ НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Телеарна ХанТВ