2.3 C
Shymkent
27 января, 2026
aspan

APPLE ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҚЫМБАТ КОМПАНИЯ АТАҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

Apple әлемдегі ең қымбат компания атағынан айырылды. Бұған Дональд Трамптың тариф саясаты себеп. Компания акцияларының құны 22 пайызға төмендеген. Салдарынан табысы 750 млрд долларға қысқарып, капиталы 2 трлн 590 млрд долларға дейін құлдырады.

 Енді МАЙКРОСОФТ көш бастады. Компания капиталы — 2 трлн 640 млрд-қа тең. Ірі технологиялық компаниялардың ішінде Apple қатты зардап шекті.  Өйткені компания өндірісі Қытайға тәуелді. Сондай-ақ Үндістан, Вьетнам және Таиландта да зауыттары бар. Ал Дональд Трамп ең көп баж салығын осы елдерге енгізген. Сондықтан сарапшылар айфондардың бағасы еселеп қымбаттайды. Өйтпеген жағдайда Apple-дің табысы едәуір қысқарады, дейді.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

125 МЕГАПОЛИСТІҢ ІШІНДЕ ЕҢ ЛАС ҚАЛА АТАНДЫ

Телеарна ХанТВ

ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ АЗАМАТТЫҚ БЕРІЛМЕУІ МҮМКІН

Телеарна ХанТВ

 ІРІ КӨЛЕМДЕГІ ҚАРАСОРА АЛҚАБЫ АНЫҚТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ