aspan

«ЖАС ӨНЕРІМ – САЗ ӨНЕРІМ, САҒАН ЕЛІМ»

Шымкент қаласы білім басқармасы Саз колледжінің «Жас өнерім саз өнерім саған елім» атты есеп беру концертті ұйымдастырылды. Шараға өнер саласының майталман мамандары,  мәдениет қызметкерлері сондай-ақ ЖОО студенттері қатысты.

Кеш барысында колледж студенттері ән, күй, би және түрлі музыкалық шығармалар арқылы өздерінің өнерге деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Концерт жастардың шығармашылық ізденісі мен кәсіби шеберлігін танытқан, көрермен көңілінен шыққан мазмұнды кешке айналды. Іс-шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, жас таланттарға шығармашылық табыс тіледі.

65 жылдан астам тарихы бар колледж  шығармашылықтың шыңына жеткен. Жыл сайын музыкалық оқу ордалары арасында ұйымдастырылатын жас орындаушылардың республикалық байқауында өнер ордасы көптеген жүлдеге ие болып келеді. Бүгінгі таңда халықаралық деңгейдегі жетістіктер де бар. Айта кетейік мекеме басшыларының мәліметінше колледж студенттері алдағы уақытта болатын бірқатар сайыстарда бақ сынамақ.

Саз колледжі еліміздегі музыкалық  білім беру  саласындағы  жетекші  оқу орындарының бірі. Қазіргі таңда колледж басшылығы жас мамандарды жұмысқа тарту, білім алушылардың сахналық шеберлігін көтеру, мәдени-ғылыми мәселелерді шешу жұмысымен айналысып жатқанын айтады. Айта өтейік, ұйымдастырылған есептік концертте қазақстандық және шетелдік композиторлардың классикалық сондай-ақ заманауи шығармалары орындалды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте бизнес және экономика министрлігінің өкілдері кездесті

Телеарна ХанТВ

400-ДЕН АСТАМ АДАМ ҚАЛА МАҢЫН ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТТЫ

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ БІР ТОП ИНВЕСТОРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

Телеарна ХанТВ