25.3 C
Shymkent
3 июня, 2025
aspan

ЕРЛІКПЕН ҚАЗА ТАПҚАНДАР ЕСКЕ АЛЫНДЫ

Шымкентте тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алу шарасы өтті. Биыл сол қайғылы оқиғаға 30 жыл толып отыр. Абай саябағындағы ескерткіш маңына жиналғандар боздақтардың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Еске алу рәсіміне қала басшылығы, қоғам қайраткерлері мен ардагерлер қатысты.

Осыдан 30 жыл бұрын тәжік-ауған шекарасында Отан алдындағы антына адал болған 17 қазақ жауынгері қасіретті қақтығыста ерлікпен қаза тапты. Олардың қатарында Ұрзия …қызының ұлы да бар. Ана үмітін ел амандығына айырбастаған сол боздақтар бүгін халық жүрегінде ерлік үлгісі болып қалды.

1993-2001 жылдар аралығында Қазақстанның 2000-нан астам сарбазы Тәжік-Ауған шекарасында бітімгерлік миссияны атқарып, бейбітшілікті қамтамасыз етуге аттанды. 1995 жылдың 7 сәуірінде Тәжікстанның Пшихавр тау шатқалында олар күтпеген жерден қарсылас күштердің қатал шабуылына ұшырап, ауыр сынаққа тап болды. Бүгін жиналған қауым осы ұрыста ерлік көрсеткен жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Ерлік ешқашан өшпейді, ол уақыт өткен сайын өз құдіретін арттыра түседі. Ел батырлары әрқашан халық жадында сақталады, ал қастерлі Отанның тыныштығы жолындағы жаужүрек ұландардың жасаған ерліктері мәңгілік құрметке лайық болып қалады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

КОНГО-ҚЫРЫМ ҚАНДЫ ҚЫЗБАСЫНАН 1 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Телеарна ХанТВ

Ресейдегі бүлік аяқталды: Пригожинді енді не күтіп тұр?

admin

ЛУКАШЕНКО ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Телеарна ХанТВ