16.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

ТОРНАДО САЛДАРЫНАН 7 АДАМ АЖАЛ ҚҰШТЫ

АҚШ-тың оңтүстігі мен орталық-батысында кемінде 15 торнадо соқты. Құйын жүздеген үйді жайпап, көліктерді қиратып, электр желілерін үзген.

Желдің екпіні сағатына 240 шақырымға жетті. Кейбір жерде жай да түскен. Табиғаттың тосын мінезінен 7 адам ажал құшты. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады. Жараланған тұрғындар да бар. Табиғи апаттан Техас, Арканзас, Теннесси, Кентукки, Индиана және Миссури штаттары зардап шеккен. Сондай-ақ дауыл жауын-шашын әкеліп, соңы тасқынға ұласты. Метеорологтар апта бойы күн райы қолайсыз болады деп болжап отыр. Жалпы бұл елде жылына 800-ге жуық торнадо болады.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ИЗРАИЛЬ ГАЗАҒА ЕҢ ЖОЙҚЫН ӘСКЕРИ ШАБУЫЛ ЖАСАМАҚ

Телеарна ХанТВ

ТҮНГІ КЛУБТАҒЫ ӨРТТЕН 59 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Телеарна ХанТВ

ОҚУШЫЛАР С.РАҚЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖБЕН ТАНЫСТЫ

Телеарна ХанТВ