aspan

ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛДА ҚАЛҒАН ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЖӘРДЕМ ЕТУДЕ

 Патрульдік полиция инспекторлары республикалық маңызы бар трассаларда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік-профилактикалық іс-шара өткізді. Бұл шарада тәртіп сақшылары жол қозғалысын реттеп қана қоймай, бірқатар жүргізушілерге көмек берді.

Мәселен батальон қызметкерлері «Шымкент-Самара» республикалық маңызы бар тас жолының 23 шақырымында тоқтап тұрған «ВАЗ» автокөлігін байқады. Бірден көлікке барып, жүргізушіден не жағдай болғанын сұрастырды. Анықталғандай, жүргізуші Бәйдібек ауданынан Шымкент қаласына бара жатқан. Кенет жанар-жағармайы таусылып, жол жиегіне шығып тұрған. Осы жайт бойынша инспекторлар  жанар-жағармай беріп, жүргізушінің сапарын ары қарай жалғастыруға септігін тигізді.   Одан бөлек полицейлер жол бойынан «Hyundai Tucson» автокөлігіне тиесілі мемлекеттік тіркеу нөмерін тауып алды. Содан планшет арқылы бірден иесін анықтап, жеткізіп берді. Келесі жағдайда «Hyundai» маркалы шетел автокөлігі алдыңғы дөңгелегінің желі шығып, тоқтап тұрады. Ал инспекторлар автокөлікке қосалқы дөңгелегін ауыстыруға жәрдем берді. Өз кезегінде жолда қалған жүргізушілер қолынан келгенше көмектескен поилцейлердің әрекетіне риза болып, алғыстарын жеткізді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

09.06.2001 жылы туылған Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қазақстан Республикасының құрама командасының мүшесі

Телеарна ХанТВ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ Түркістан облысында жұмыс орындарын ашуға басымдық берілген. Бұл ретте Сарыағаш ауданында да жүйелі жұмыстар жүруде. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Сарыағаш құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Аудан басшысы кәсіпорынның даму бағытымен танысып, өндірісті кеңейтуге және ауыл шаруашылығы саласында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастамаларды жоғары бағалады. Кәсіпорын басшысы Мұрат Талманның айтуынша, бүгінде серіктестікте жұмыртқа өндіруге бағытталған 96 мың бас құс өсірілуде. Өндірілген өнімдер аудан мен облыс көлеміндегі сауда нүктелеріне жеткізіліп, жергілікті нарықты сапалы жұмыртқамен қамтамасыз етуде. 2025 жылы «Сарыағаш құс» ЖШС өндіріс аясын кеңейтіп, қосымша 50 мың басқа арналған құс фабрикасының құрылысын жүргізді. Құс өсіруге арналған заманауи жабдықтар Германия мемлекетінен әкелінген. Бұл – өнім сапасын арттыруға және өндіріс тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Сонымен қатар, серіктестік биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, құрама жем цехының құрылысын жүргізіп, пайдалануға енгізді. Жаңа цехтың іске қосылуы құс шаруашылығының өзіндік құнын төмендетіп, өнім көлемін арттыруға жол ашты. Сондай-ақ, аудан әкімі және аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы ауылдық округ аумағында орналасқан индустриалды аймақта салынып жатқан «Альбарака 077» ЖШС-ның өсімдік майын өндіру цехының құрылыс барысын бақылады. Аудан басшысы аталған жобаның уақытылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз ету мақсатында ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алайдар Әмірхановқа тиісті тапсырмалар жүктеді. Жобаның жалпы құны 800,0 млн теңгені құрайды. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін 20 адамға тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Кәсіпорынға индустриялық аймақтан 3,0 гектар жер телімі бөлінген. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Цех ғимаратының қабырғалары көтеріліп, шатыр жабу жұмыстары атқарылуда. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Телеарна ХанТВ

БЛОГЕРЛЕР АҚША БОПСАЛАҒАНЫ ҮШІН ҰСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ