aspan

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСКЕРТЕДІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСКЕРТЕДІ

СУ ТАСҚЫНЫ ЖӘНЕ СУ БАСУ КЕЗІНДЕ ҚАЛАЙ ӘРЕКЕТ ЕТУ КЕРЕК?

✅ Ресми ақпаратқа құлақ түріңіз:
• Төтенше жағдай туралы ресми ақпаратты БАҚ арқылы мұқият тыңдап, әрекет ету тәртібін біліңіз.

✅ Тыныштық сақтаңыз:
• Көршілеріңізге ескертіңіз.
• Мүгедектерге, балаларға және егде жастағы адамдарға көмек көрсетіңіз.

✅ Эвакуацияға дайын болыңыз:
• Жергілікті атқарушы органдардан эвакуациялау орындары туралы ақпарат алыңыз.
• Қажетті заттарды алдын ала жинап қойыңыз.

✅ Маңызды заттарды дайындаңыз:
• Құжаттарды, жылы киімдерді, қажетті заттарды және бірнеше күнге жететін азық-түлік қорын жинаңыз.
• Дәрі-дәрмектерді ұмытпаңыз.
• Барлығын чемоданға немесе рюкзакқа салыңыз.
• Құжаттарды су өткізбейтін қапшықта сақтаңыз.

✅ Үйдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етіңіз:
• Электр құрылғыларын ажыратып, газды өшіріңіз.
• Құнды заттар мен азық-түлікті жоғарғы қабаттарға немесе жоғары сөрелерге қойыңыз.

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ескертпесіне құлақ түріңіз және Төтенше жағдайлар кезінде 101, 112 байланыс нөмірлеріне хабарласыңыз!

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ИЛОН МАСК БАЙЛЫҒЫ 800 МИЛЛИАРД ДОЛЛАРҒА ЖЕТКЕН ТАРИХТАҒЫ АЛҒАШҚЫ АДАМ АТАНДЫ

Телеарна ХанТВ

ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ ШАЛДЫҚҚАНДАР САНЫ АРТҚАН

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТТЕ 120 ОҚУШЫ ДОМБЫРАШЫЛАР ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ ҚАТЫСТЫ

Телеарна ХанТВ