33.3 C
Shymkent
21 мая, 2025
aspan

ШЫМКЕНТТЕ САКУРА АҒАШЫ ГҮЛДЕДІ

Шырайлы Шымкенттің көшелерін көктем шуағына бөлеген сакура ағаштарын өткен жылдың қараша айында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков отырғызған болатын. Бүгінде 25 түп сакура бүршік жарып, қаланың көркін аша түсті.

Жапон мәдениетінің символына айналған бұл ағаштар «Журналистер» аллеясына, Назарбаев даңғылының бойына, Атлант сауда үйінің маңына, Сайрам және Жібек жолы көшелеріндегі гүлзарға отырғызылған еді. Биіктігі 4-5 метрге жететін сакуралар қаланың табиғи сәнін арттырып қана қоймай, экожүйені жақсартуға да ықпал етеді.

Сакуралардың тамыры тереңге бойлап, бұтақтары жайқалып өсуі үшін тұрақты күтім жасалып, суару жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Бұл жұмыстар қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бақылауында.

Айта кетейік, нәзіктіктің нышанына баланған сакура көшеттерін «BI Group» ЖШС сыйға тартқан болатын.

 

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПОЛИЦИЯ ШЕТЕЛДІК АЗАМАТТАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТТЫ

Телеарна ХанТВ

«№55 Жеңістің елу жылдығы»жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде патриоттық рухты нығайтуға арналған далалық оқу жиыны өтті.

АБУ ДАБИДІҢ ОРНЫҚТЫ ДАМУ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ