28.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

ШЫМКЕНТТЕ №5 ЖАҢА АВТОБУС БАҒЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Бүгіннен бастап Шымкентте жаңа №5 автобус маршруты бағытқа шықты. Бұл жұмыстар қоғамдық көліктер қызметінің аясын кеңейту мақсатында жүзеге асырылып отыр.

Аталған маршрут Құрсай шағынауданынан Республика даңғылына дейінгі аралықта жолаушыларды тасымалдайтын болады. Әзірге маршрут 4 кестемен 15 минуттык аралық жиілігімен қызмет көрсетеді және қажеттілікке қарай автобустар санын арттыру жоспарлануда.

Айта кетейік, бұл маршрут 2 ай бойы пилоттық режимде жұмыс істейді. Қазіргі таңда Шымкент қаласында 81 тұрақты маршрут бойынша 980 автобус жолаушыларды тасымалдап, қызмет көрсетуде

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

5 СӘУІРДЕН БАСТАП МОПЕДТЕРДІ ТІРКЕУСІЗ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНСІЗ БАСҚАРУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Телеарна ХанТВ

ҚАҚТЫҒЫСҚА АҚШ ҚОСЫЛДЫ

Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумында сөз сөйледі

Телеарна ХанТВ