16.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

ЖЕРЛЕСІМІЗ ПОРТУГАЛИЯДАҒЫ ЖАРЫСТА ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Португалияның Портиман қаласында өткен дзюдодан жастар арасындағы Еуропа кубогы бәсекесінде жерлесіміз жүлдегер атанды. Әлемнің 300-ге жуық татами шебері қатысқан додада Тасним Абдуали 48 келіде қола жүлде жеңіп алды.

Ұлттық құрама сапында 48 келіге дейінгі салмақта шымкенттік жас дарындар Тасним Абдуали мен Сабина Юлдашбекова сайыс көрігін қыздырды. Т.Абдуали алғашқы белдесуінде испан спортшысы Соуза Лавандейра Зелтияны иппон әдісімен айқын жеңіп, ширек финалда италиялық Аврора Платанияны қапы қалдырды.

Жартылай финалда испандық Пла Белмонте Клаудияға жол беріп, жұбаныш белдесуінде тағы бір жерлесіміз Сабина Юлдашбековадан басым түсті. Осылайша жас дзюдошы қола жүлдені еншілеп, Еуропа кубогындағы алғашқы үлкен жетістігіне қол жеткізді.

Айта кетсек, өткен жылы жастар арасында әлем чемпионатында Талғат Орынбасар қола жүлдеге ие болған еді. Биыл да жауапты бәсекелерде жерлестерімізден үміт күтеміз.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖЕЛ САЛДАРЫНАН АДАМ ӨЛІМІ

Телеарна ХанТВ

ПРЕЗИДЕНТ ИЗРАИЛЬ МЕМЛЕКЕТІ КНЕССЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ АМИР ОХАНАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Телеарна ХанТВ

КӨЛІКТІ 5 МИНУТТАН АРТЫҚ ОТАЛДЫРУҒА ТЫЙЫМ САЛУ – АҚЫЛҒА ҚОНБАЙТЫН ШЕШІМ

Телеарна ХанТВ