33.3 C
Shymkent
21 мая, 2025
aspan

АҚСУ АУДАНЫНДА КӨКТЕМГІ ТАСҚЫН САЛДАРЫНАН АВТОЖОЛДЫҢ ЕКІ БӨЛІГІН СУ ШАЙЫП КЕТТІ

Ақсу ауданында көктемгі тасқын салдарынан автожолдың екі бөлігін су шайып кетті. Жергілікті билік жолдарды шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жергілікті блогерлер оқиға орнында түсірілген видео жариялады. Видео авторы көлік жүргізіп келе жатып су өткізу құбырының үстіндегі асфальттің бұзылғанын көрсетті. Айтуынша, видео Ақсу ауданындағы Ақсу-Ойтоған тас жолында түсірілген. Ер адам көлік жүргізіп келе жатып жол ортасындағы шұңқырға түсіп кете жаздағанын айтты. Енді бір видеодан қар суының салдарынан опырылған көпірді көруге болады. Кейін бұл қауіпті көпірдің Б.Сырттанов ауылдық округіндегі Қопа ауылында орналасқаны белгілі болды. Болған жағдайдан кейін Ақсу ауданы әкімдігі ресми парақшасында арнайы техниканың көмегімен екі нысанда да қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы үш видео жариялады. “Облыстық маңызы бар Ақсу-Ойтоған ауылдарының арасындағы автомобиль жолында орналасқан көпірді күннің күрт жылынуына байланысты қар суы шайып кетті. Қазір жол қозғалысы шектелді, мамандар көпрді қалпына келтіру үшін жұмыс істеп жатыр”, – делінген хабарламада. Кейін Ақсу әкімдігі Б.Сырттанов ауылдық округіндегі Қопа ауылының кірме жолы қалпына келтіріліп, жол қозғалысының реттелгенін мәлімдеді. Сондай-ақ әкімдіктегілер көлік жүргізушілерін қалпына келтірілген жолдармен өткенде абай болуға шақырды.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҰРҒЫНДАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Телеарна ХанТВ

ПОЛИЦИЯ ТҰРҒЫНДАРДЫ 5 МЛН ТЕҢГЕГЕ САН СОҚТЫРҒАН КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ

Телеарна ХанТВ

ҮШ БАЛЫҚШЫ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ