aspan

ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ ШАРЫҚТАП КЕТТІ

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің дерегіне сүйенсек 25 ақпан мен 4 наурыз аралығында ҚР бойынша құмшекердің бағасы 1,4%-ға өсті. Мұндай апта сайынғы қымбаттау сирек кездеседі: соңғы рет дәл осындай көрсеткіш 2024 жылдың сәуірінде тіркелген еді, ал оған дейін – 2022 жылдың тамызында.

Қалалар бойынша ең жоғары өсім Өскемен, Павлодар, Петропавл қалаларында байқалды – бір аптада +3,4%.Елімізге қолжетімді тазартылған қанттың басым бөлігі шетелден, негізінен, РФ-дан әкелінеді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ресурстағы қазақстандық өнімнің үлесі — 26%. Әрі бұл — кейде отандық өндірушілер шағымданатын көлеңкелі импортты қоспағандағы көрсеткіш.Айта кетерлігі, 2024 жылдың екінші жартысында қант бағасы тұтынушылар үшін өcпеді, дегенмен, өндірістің төмендеуіне қарамастан, экспорт пен реэкспорт көлемі күрт артқан болатын. Бұл үрдіс осы жылы сақталды ма, әзірге белгісіз. Бірақ қант бағасы қаңтардың ортасынан бастап өсе бастады және қазір қатарынан жетінші апта бойы қымбаттап келеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 2025 ЖЫЛҒЫ СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Телеарна ХанТВ

ЖАСТАР АРАСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Телеарна ХанТВ

  ЕНДІ ӘКІМДІКТЕР ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДА ҚОҚЫС ТАСТАҒАНЫ ҮШІН АЙЫППҰЛ САЛА АЛАДЫ

Редактор HAN TV