aspan

ЖОЙҒЫШ ҰШАҚТАР БАЙҚАУСЫЗДА АУЫЛҒА БОМБА ТАСТАҒАН

 Оңтүстік Кореяда жойғыш ұшақтар байқаусызда ауылға бомба тастаған.Оқиға 6 наурызда болған. Әскери-әуе күштерінің екі KF-16 жойғыш ұшағы жауынгерлік жаттығу кезінде жаттығу алаңының сыртына сегіз бомба тастап жіберген.

Жергілікті билік мәліметінше, снаряд Почхон қаласындағы үйдің маңындағы жолға түскен. Сегіз ғимарат, шіркеу мен жүк көлігі зақымданған. Сондай-ақ 15 адам зардап шеккен. Оның екеуі әскери адам, екеуі шетелдік турист. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗДЫҢ КӨТЕРМЕ БАҒАСЫ ӨСЕДІ: ТАПШЫЛЫҚТЫ ЖОЮҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНУДА

Телеарна ХанТВ

ЕЛ БІРЛІГІ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТ: «ЕЛІНЕ ТІРЕК, ЕРІНЕ СҮЙЕНІШ БОЛҒАН АНАЛАР»

admin