aspan

ҚАЛА ӘКІМІ ТАРИХИ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН СПОРТШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Харбинде (Қытай) өткен ІХ Қысқы Азия ойындарында фристайл-акробатика өкілдері тарихи жеңіске қол жеткізген еді. Ұлттық құрама сапында Шымкент қаласының спортшылары 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде жеңіп алды. Сондай-ақ, фристайл-акробатикадан жастар арасында әлем чемпионатында, Дүниежүзілік Универсиада ойындарында шымкенттік спортшылар жүлдегер атанды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков аталған бәсекелерде жеңімпаз және жүлдегер атанған жерлестерімізді тарихи жеңісімен құттықтап, оларға құрмет көрсетті. Қала әкімі спортшыларды және олардың жаттықтырушыларын Алғыс хаттар және қаржылай сертификаттармен марапаттады. Шаһарда спортшыларды қолдау, оларға қажетті жағдайлар жасау одан әрі жалғаса беретінін атап өтті.

 

 

 

 

 

 

 

Қысқы Азия ойындарында ерлер арасында командалық сайыста Шерзод Хаширбаев чемпион атанды. Аралас командалар арасындағы сайыста Аяна Жолдас, Шерзод Хаширбаев және Асылхан Асан екінші орынға ие болды. Сонымен қатар, Аяна Жолдас жекелей сында қола жүлде жеңіп алған болатын. Аяна Жолдас пен Ардана Маханова синхронды секіруде қола жүлдеге қол жеткізді.

Фристайл-акробатикадан Дінмұхамед Райымқұлов жастар арасында әлем чемпионатында топ жарды. Италияда өткен Дүниежүзілік Универсиада ойындарында шорт-трекші Айбек Темірхан қола жүлдегер атанды. Осылайша қысқы спорт өкілдері жыл басынан бері жастар арасында әлем чемпионаты, Дүниежүзілік Универсиада және Қысқы Азия ойындарында жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Related posts

ФОСФОРШЫЛАР САРАЙЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТЕДІ

Телеарна ХанТВ

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БЫЛЫҒЫ БІТЕР ЕМЕС

Телеарна ХанТВ

ЗОРЛЫҚ – ЗОМБЫЛЫҚҚА  ҚАРСЫ  ЕНГЗІЛГЕН ЗАҢНЫҢ  НӘТИЖЕЛЕРІ ҚАНДАЙ?

Телеарна ХанТВ

Байланыс

Телефон нөміріңізді қалдырыңыз. Біз сізге жақын арада хабарласамыз!
Кері қоңырау шалу сұрауы жіберілді! Біз сізге жақын арада хабарласамыз.
Кері қоңырау шалу сұрауын жіберу қатесі! Қайталап көріңіз!
Write a email to us!
Email sent! We will contact you soon.
Error sending email! Please try again!