23.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

ҚАСЫМ -ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Мемлекет басшысы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тарихи-мәдени мұраны сақтау – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау;археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу;тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу;қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау;археологиялық ескерткіштердің резерватын құру;мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру;қаланың бірыңғай келбетін – сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу;тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту;мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу;туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған. Еске салайық, бұған дейін сенат Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заңды мақұлдағаны туралы хабарлаған едік.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Ілгерілеуге бастаған алты жыл: Қазақстан орнықты даму жолында

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТТІКТЕРГЕ РЕФЕРЕНДУМ БАРЫСЫНДА СЫЙЛЫҚТАР БЕРІЛДІ

Телеарна ХанТВ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына сапары «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысудан басталды

Телеарна ХанТВ