11.3 C
Shymkent
22 февраля, 2026
aspan

ПОЛИЦЕЙЛЕР МЕН ЕРІКТІЛЕР 120 ЕСІРТКІ ГРАФФИТИІН ЖОЙДЫ  

Қостанайда полицейлер мен еріктілер 120 есірткі граффитиін жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қостанайда қоғамдық орындарда есірткінің таралуына қарсы күрес бойынша кезекті акция өтті. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 100-ге жуық ерікті мен полиция қызметкерлері есірткі ұсынатын сайттардың жарнамасы бар 120 есірткі граффитиін жойды.

 

 

 

 

 

 

 

 Қостанай облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Айгүл Ераділова бұл акция биыл бесінші рет өткенін атап өтті. Ол сондай-ақ есірткіге қарсы күрес қоғамның барлық салаларының белсенді қатысуын талап ететінін жеткізді.

Есірткі граффитиін жоюға арналған акциялар тұрақты түрде өтеді. Нәтижесінде өткен жылы 3 мыңнан астам есірткі жарнамасы жойылды. Бұл әрекеттер әсіресе жастар арасында есірткінің таралуын және оларды насихаттауды айтарлықтай азайтуға көмектеседі.

 

 

 

 

 

 

Бірлескен күш-жігермен ғана қаланы болашақ ұрпақ үшін қауіпсіз етуге болатындығын есте ұстаған жөн.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

29  БІЛІМ ҰЯСЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР 

Телеарна ХанТВ

ХҚКО операторларына жыл басынан бері 300 мыңға жуық бейнеқоңырау түсті

ЖАНАРТАУ ҮШ ЖЫЛДА ОНЫНШЫ РЕТ АТҚЫЛАДЫ

Телеарна ХанТВ