16.3 C
Shymkent
21 мая, 2025
aspan

ТҮРКІСТАНДА «WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN» IT УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ  

Түркістан қаласында биыл Оңтүстік Кореяның «Woosong»  университетінің филиалының ашылуы жоспарланып отыр. Осыған орай, «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде Қазақ-Корей халықаралық білім ордасының таныстырылымы өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, «Woosong» университетінің өкілдері, ұстаздар, ата-аналар мен болашақ түлектер қатысты.

Басқосуда алғысөз алған Түркістан облысы әкімінің орынбасары  Бейсенбай Тәжібаев  жастарға сапалы халықаралық білім алуға үлкен мүмкіндік туып отырғанын тілге тиек етіп, түлектерді берілген мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырды.

Жиында Оңтүстік Кореяның Халықаралық істер департаментінің деканы Шим Хэк Чже бастаған «Woosong» университетінің өкілдері Корея елінің әлемдік деңгейдегі орнына тоқталып, университеттің тыныс-тіршілігін таныстырды. Қатысушылардың сұрағына жауап беріп, білім ордасы беретін мүмкіндіктер туралы ақпарат берді .

Әрине ол біздің басты міндеттеріміздің бірі.Студенттер оқу орнын бітіргенсоң  Кореяға оларды өздерінің іс тәжірбиесін көрсету үшін шақырады.Одан бөлек өзіміздің тарапымыздан тәжірбие алуға,қысқы мектеп жобаларға,мәдениетпен алмасуға шақырады.Сонымен қатар бізде «Қос диплом»жобасы аясында білім алушылар 2 жыл Түркістанда 2 жыл Кореяда оқиды солай 4 жыл ішінде 2 диплом алады.

70 жылдық тарихы бар халықаралық білім ошағында әлемнің 85 мемлекетінен келген 16 мыңнан астам бала білім алады. Ал профессорлық құрамның  мың адамнан асады. Оқу орны түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші бойынша Кореяда үздік үштікте. Сонымен қатар Студенттер әлемдік деңгейде білім алып қана қоймай, халықаралық тәжірибеден өтуге, еңбек нарығында сұранысқа ие маман атануға мүмкіндік алады. Одан бөлек, «қос диплом» бағдарламасымен білімін Корея елінде жалғастыру, сол елде жұмысқа орналасу мүмкіндігі қарастырылған.

 

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Телеарна ХанТВ

Хабарландыру! «Халық қатысатын бюджет» жобасына қатысуға шықарамыз

Телеарна ХанТВ

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Телеарна ХанТВ